Басты бет Қоғам Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болуда (видео)

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда қаза болуда (видео)

Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген. Тіпті олардың арасында жастарда бар, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

— 2014 жылы Бұлақ ауылының қасында алтын өндірісі іске қосылған кезде жұрттың қуанышында шек болмады. Бұқара қосымша жұмыс орындарының пайда болатынына сеніп, ауылдың көркеюін күткен еді. Алайда, уақыт өте келе халықтың қуанышынан гөрі, қайғысы басым түсті. Қазір мұндағы әрбір тұрғын кен орнының жабылуын қалайтын көрінеді.

Тілектес Есжанов алтын өндірісінде бір кезде жұмыс істеген. Күнде карьердің топырақ сараптамасын алып, құрамындағы алтынның үлесін анықтау оның тікелей қызметі болды. Бірақ, араға бірнеше ай салып, денсаулығы нашарлағанын байқаған соң, жұмысты тастауға тура келді, — дейді ол. Айтуынша, ешуақытта ауырмаған ағасы да, алтын өнідірісінде істеп жүріп, сырқаттанып, артынша қайтыс болған.

Тілектес ЕСЖАНОВ, БҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Карьерге барамыз, басым ауырып, давлением көтеріледі. Осындағы медиктер мені жіберген жоқ. Давление 160-170. Лабораторияға пробаларды әкелеміз. Сасып тұрады бәрі. Шаң зиян ғой. Содан мен шығып кеттім. Міне бір жыл бұрын туған ағам қайтты. Осы алтынның несінен.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 1 жарым жылда аталған кәсіпорында жұмыс істеген 7 адам бақилық болған. Осыдан шошыған кейбір отбасылар туған жерін тастап, қоныс аударуы жиілеген. Қазір ауылда шамамен 800 адам қалған.

Қадыржан ШОПАНАЕВ, БҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— 5 жыл бұрын келгенде, экология мәселелер жоқ, ештеңе болмайды, өзіміз үш ай сайын тексереміз деп, әуелде бізге жиналыс ашып айтқан. Ал енді соның результаты — сонда жұмыс істеген жас жігіттер бұл дүниеден өтіп кетті. Енді сол экологический, онкологический десек, олар мойнына алмайды.

Нұридден ЕДІРИСОВ, БҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

— Ционид дейді, құйған балшықтың үстіне төгеді екен. Соның иісі келсе, сол жетіп жатқан көрінеді. Қырқына жетпей қайтып жатыр жастар. Бірінен соң бірі. Олар анау карьердің ішінен шықпау керек қой деп ойлаймын. Ал сол жүк көліктері мынау көшеде жүреді. Құмдарын, балшығын түсіреді.

Кен орнындағы жағдайды жіті байқауға күзетшілер кедергі болды. Компания басшылығымен тілдесудің де сәті түспеді.

Жағдайды білмек болып, Есіл ауданы атқамінерлерінің есігін қақтық. Жергілікті атқамінерлер соңғы жылдары бұл маңайда өлім көбейгенін растады. Айтуларынша бұған радиация ғана кінәлі емес.

Еділ ТҰТҚЫШЕВ, СҚО ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Бұлақ ауылдық округі бойынша жыл басынан бастап 10 адам қайтып кетті. Оның ішінде обырдан бір адам бақилық болды. Жалпы, бұл ауылдың халқы қартайып барады. Сондықтан өлім-жітім көбейіп отыр. Ал сараптама қорытындысына сәйкес, су, топырақ пен ауадағы зиянды заттардың мөлшері қалыпты нормадан аспайды.

Дейтұрғанмен, облыстық онкологияның дерегі басқа. Алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өтіпті. Бірақ оның себебіне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...