Солтүстік Қазақстанда тас жолда белгісіз біреулер көлікке оқ жаудырды – фото

Фото: pexels.com сайтынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысында тас жол бойында белгісіз біреулер жеңіл көлікке оқ жаудырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

Әлеуметтік желіде ақ түсті Hyundai Accent-тің фотосы тарады. Оған жан-жақтан оқ атқаны анық көрініп тұр. Көліктің сау-тамтығы қалмаған. Терезесі, бампері, шамы сынған. Есіктерін де оқ тесіп тастапты. Облыстық полиция департаменті жеңіл көлікке оқ атылғанын растады.

«18 желтоқсан күні сағат 11:00-дің шамасында «Челябі-Новосибирск» тасжолының 635 шақырымында Чистое ауылына жақын жерде Hyundai Accent маркалы көлік анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зақымданған жерлері бар. Жүргізуші жақтағы есікке екі рет бытыралы мылтықпен оқ атқан», — дейді полицейлер.

Бірақ жарақат алған адамдар жоқ. Тәртіп сақшылары көліктің иесін анықтады. Ол облыстық білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген. Оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапты. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де көлік бұзылып қалған. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып, көлікті жол жиегінде қалдырып кеткен. Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқ атқан адамдар іздестіріліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз