Басты бет Қоғам Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында «шекараны заңсыз бұзды» деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын алты айға бас бостандығынан айырып, 25 200 теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды centralasian.org.

Үкімді түсіндірген судья Құйқабаева соттың Тәбәрікұлының 2020 жылдың маусым айына дейін жарамды ықтиярхаты болғанын ескергенін, бұған қоса әке-шешесі (Қазақстан азаматтары) осында болғандықтан оны жақындарынан айырмауды қажет деп тапқанын айтты. Судьяның айтуынша, «екі күн бір күн болып саналатындықтан» Тәбәрікұлының қамаудан шығуына аз уақыт қалды.

Шыңжаңда туған 30 жастағы Қытай азаматы Тілек Тәбәрікұлының үстінен Қазақстанның құқық қорғау органдары 2019 жылы тамыз айында қылмыстық іс қозғап, қазан айында ұстаған. Ол шамамен бір жарым-екі айдан бері Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Айыптау тарабының айтуынша, ол 2018 жылы мамыр айында Қазақстан мен Қытай арасындағы «шекараны заңсыз кесіп өткен». Оның алдында Қазақстанда ықтиярхатпен жүрген ол 2017 жылы желтоқсан айында Қытайға «білім жетілдіру мақсатында» барып қайта алмай қалған. Қытайдың құқық қорғау органдары «белгісіз себептермен» құжатын алып, қайтармаған. Ол бірнеше айдан соң Қорғас бекетіне барып, реті келгенде Қазақстан жаққа қарай өтіп кеткен.

Қорғау тарабының айтуынша, полиция ықтиярхаты бар Тілек Тәбәрікұлын «Қазақстан азаматтығын алайын деп жүрген кезде» ұстаған. Тәбәрікұлы 2017 жылы қараша айында Қазақстаннан азаматтық алу туралы өтініш түсірген.

Бұған дейін прокурор Азамат Байсаров Тілек Тәбәрікұлын алты айға бас бостандығынан айырып, бес жылға дейін Қазақстан аумағынан шығаруды сұраған. Қорғау тарабы прокурордың айтқанына қарсы болып, Тәбәрікұлын үш айға соттап, Қазақстан азаматтығын беруді сұраған. Қорғау тарабы «кез келген жазаға «разы» болатынын, тек Қытайға қайтармауды» сұраған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...