Басты бет Қоғам Білім Студенттер диплом жұмыстарын қалай қорғайды?

Студенттер диплом жұмыстарын қалай қорғайды?

Қазақстанда жоғары оқу орындарының студенттері қорытынды емтихан мен диплом жұмыстарын қашықтан тапсыра алады. Бұл жайында білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, карантин мамырға дейін ұзартылса, бірінші, екінші және үшінші курс студенттері емтиханды қашықтан тапсырады.

«Қалада тұратын студенттер емтиханды қашықтан тапсыруы керек. Ал Қазақстанның шалғай өңірінде тұратын интернетке қосылуға мүмкіндігі жоқ студенттерге келер болсақ, ондай жағдайда студенттің өтініші бойынша емтихан кейінге қалдырылады», — деді вице-министр.

Әрбір жоғарғы оқу орны кешенді емтиханды студенттердің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өзіне ыңғайлы форматта өткізе алады.

Вице-министрдің айтуынша, студенттер ең бастысы жоғары оқу орнында алған төрт жылдық білімнің нәтижесін көрсетуі керек.

Сонымен қатар емтиханды жазға ауыстыру мәселесі де көтерілді. Яғни, қорытынды аттестация 2020 жылдың маусым-шілдесінде өтуі мүмкін.

Диплом жұмысы қалай қорғалады

Студенттердің диплом жұмысын қорғау процесін қашықтан өткізу жоспарланып отыр. Мұндай жағдайда түлектердің жұмысы плагиатқа тексеріледі.

«Диплом жұмысы қорғалуы керек. Қашықтан оқыту режимі 16 наурызда енгізілді, алайда диплом жұмысы сол уақытқа дейін жазылды. Наурыз, сәуірде олар алдын ала қорғаудан өтті», — деп түсіндірді Мирас Дәуленов.

Диплом жұмысын қорғау үшін студенттер антиплагиат жүйесіне өз жұмыстарын жүктейді, одан кейін оқытушылар мен мемлекеттік комиссияның мүшелері тексеру жұмыстарына кіріседі.

«Егер студенттің онлайн режимде диплом қорғауға мүмкіндігі болмаса, диплом жұмысы бойынша сұрақтар жазбаша түрде және кез келген байланыс арнасы арқылы қойылуы мүмкін. Бұл бір нұсқа, алайда диплом жұмысы қорғалады. Ол білім берудің интегралды бөлігі және төрт жылдағы білім беру нәтижелерін жинақтайды», — деп атап өтті білім және ғылым министрінің орынбасары.

Айта кетейік, 16 наурыздан бастап республикада 116 жоғары оқу орнында оқитын 604 мың студент коронавирус пандемиясының салдарынан қашықтан білім алуға көшті.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

«Мемлекет үшін халықтың несиесін жабу онша қиын шаруа емес» — қоғам белсендісі

Алматы қаласында өткен елдің несиесін кешіру туралы бейбіт шеруден кейін билік тарапы сәл жұмсарғандай рай таныта бастады. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың несиесін кешіру...

Оралда жемқорларға жиіркенішпен қарау акциясы өткізілді (видео)

Орал тұрғындарына жемқорды сабауға мүмкіндік берілді. Жұрт та қарап қалмай, парақорды таяқтың астына алып, кейбірі тіпті тұмсығын бұза жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл өңірдегі...

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды (видео)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды....

«Ұлттық арнаны Тұрсынбек Қабатов билеп отыр» — журналист

Журналист Ербол Мәндібек өзінің Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық арнаның саясатын сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында аталмыш арнаның рейтинг...

Денсаулық министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өсіп шыға келгенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрлігі пневмония жағдайының неге күрт өскенін түсіндірді. Бұл бір мезетте 2 апта деректерінің базаға түсірілуімен байланысты болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстанда коронавирус...

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген, деп жазады Sputnik Қазақстан. Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы...

Нұр-Сұлтанда елдің шотындағы ақшаны білдіртпей ұрлайтын банк менеджері сотталды

Нұр-Сұлтанда банк менеджері клиенттердің есепшоттарынан үлкен соманы шешіп алған, деп хабарлайды zakon.kz. Полиция департаменті банк клиенттерінің есепшоттарынан ақшаның ұрлану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын...