Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет: Қарағандыда 1 келі қант 1300 теңге тұрады

Фото: pixabay.com

Қарағандыда қанттың 1 келісі 1300 теңге тұрады, ал кей дүкендерде мүлдем қант жоқ. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қадағалаушы органға тұрғындар қант таппай жүргенін айтып шағымданып жатқан көрінеді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кірісті.

«Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген», — дейді Қарағанды облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекішісі Малика Күсенбаева.

Аталған жайтқа қатысты Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Құсайын да пікір білдірді.

«Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де ӘКК стабилизациялық қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Тауарлық интервенция жүргізілуде»,- деді ол.

Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне 8 қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім өңірде жеткілікті.

А. Қуаш

Автор: Ұлжан Ибраим

Оқи отырыңыз: