Пара алу жағынан ішкі істер органдары алдына жан салмай келеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады, деп жазады «Астана» телеарнасы.
Данияр БИҒАЙДАРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
— Негізінен статистика жағына сүйенсек, яғни, анықталған қылмыстар санатына сүйенсек бұл жақта Ішкі істер министірлігі жағында көп. Ең көп тіркелген қылмыстар, сыбайлас-жемқорлық фактілері сол ішкі істер органдарында.
Дегенмен, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Қазақстан ТМД-да алдыңғы орында көрінеді. Осының нәтижесі болар Сыбайлас жемқорлық индексі бойынша Қазақстан 113-ші орында тұр. Статистикаға әлемдегі 180 мемлекет қатысқан. Өткен жылы Қазақстан 124-ші орында болғанын айтты. Бір жыл ішінде 3 баллға көп ұпай жинап, 11 позицияға жағдайымызды жақсартыппыз.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл нәтижелер елімізде сыбайлас-жемқорлықтың деңгейі азайып бара жатыр деп көрсетіп жатыр. Яғни шенеуніктер пара аз алатын болды солай ма? Иә. Дәл солай.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда аудандық соттың төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)
- Шымкентте «сыра королінің» сарайлары мен үйлері аукционға шығарылды
- Көкшетауда курстасын құтқару үшін жанталасқан жігіттер жайлы видео таралды