Басты бет Оқиға Қылмыс Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді

Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді

Фото: ҚР ІІМ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қару ұрлап кеткен сарбазға қатысты тергеу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Келісімшартпен әскери қызмет еткен сарбаз, шынымен де өзімен бірге қару-жарақ алып кеткен. Соның ішінде автоматтар мен тапаншалар бар. Ол ұсталды. Қазіргі кезде сол қаруды тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ертең, барлық тергеу аяқталып, оның сыбайластары анықталғаннан кейін біз арнайы ақпарат береміз. Сол жерде қару-жарақты қалай ұрлағанын және қайда тыққанын айтамыз», — деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Министр тергеу құпиясын ескеріп, әзірше барлық деректі бере алмайтынын жеткізді.

«Бір нәрсе айтайын, ұрланған қарудан ешкім зардап шеккен жоқ. Ертең брифинг өткізіп, қару-жарақ бойынша мәлімет береміз», — деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.

Сарбаз ісі

20 ақпан күні Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті.

Ол отыз АК-74, жиырма жеті 9 мм ПМ (Макаров тапаншасы), АК патроны (420), Макаров тапаншасының патроны — 48, ПМ травматикалық тапаншасын (1, 24 патрон) қолды еткен.

Әскерден қарумен қашып кеткен кіші сержантты іздеуге Шымкент және Түркістан облысының полиция департаменттері мен ұлттық ұлан гарнизондары тартылды.

20 ақпан күні кешке ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақ ұрлап, әскери бөлімнен кеткен 1995 жылғы Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады.

Қазір қару ұрлау фактісі негізінде қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қару-жарақ, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлаған немесе бопсалап алғандар үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...

Алматы облысында аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында қонжығын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді, деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы...