Тоқтар Төлешов сенімді өкілі арқылы өзінің бұрынғы кәсіпорнының үстінен талап арыз беріп, олардан 260 миллион теңге өндіріп алуды көздеп отыр. «Дархан Group» және «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС сотқа тартылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Тоқтар Төлешовтың атынан «Дархан Group» ЖШС-не қатысты талап арыз келіп түсті. Бұған дейін аталған компанияның жарғылық капиталының 99,97 пайызы Төлешовке тиесілі болған.
«Дархан Group»-тың бұрынғы иесі 2017 жылы қабылданған ортақ жиынның шешімдерін жарамсыз деп тануды талап етіп отыр. Ол кезде Төлешовтың өзі қамауға алынғандықтан, ресми түрде ЖШС бас құрылтайшысы бола тұра жиынға қатыса алмады.
Төлешовтың пікірінше, аталған шешімдер оның құқықтарын бұзып, 260 миллион теңгеге залал келтірген.
Сондай-ақ, Төлешов талап қоюды қамтамасыз ету үшін жауапкерлердің мүлкін тәркілеу туралы өтінішпен сотқа жүгінді.
Ол мүлікті тәркілеу ретінде Шымкент қаласы, Сайрам көшесі, 198 мекен-жайында орналасқан «Арман» балабақшасының жер телімін, сондай-ақ «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС-нің 256 224 612 теңгесін алуды ұсынды.
15 қаңтарда іс бойынша төрағалық етуші МАЭС судьясы Мәлік Майсақанов Төлешовтың талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарды.
Алайда, Төлешовтың талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралып, сот талқылаулары дайындалуда.
Істі толығымен қарау үшін сот үшінші тұлға ретінде «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС, сондай-ақ бұрын «Дархан Group» ЖШС-нің тең құрылтайшысы болған Нұрғали Досанбаевты тарту орынды деп санаған.
Айта кетейік, Төлешов 2016 және 2017 жылдары аса ауыр сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар үшін сотталған. Оның барлық мүлкі тәркіленді. Ол коммерциялық және қоғамдық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, продюссер, әнші Ерболат Беделхан Динара Сатжанға берген сұхбаты кезінде «Орда» тобына белгілі бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовтың демеу болғанын айтты.
Оқи отырыңыз:
- «200 млн»: Криштиану Роналду әлемдік рекордқа қол жеткізді
- Шуда пойыздан коронавирус жұқтыруы мүмкін екі Қытай азаматы түсірілген
- «Өлгендер өзін қорғай алмайды»: Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті