Басты бет Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Қытай аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Мәселені ушықтырмауды сұраймыз, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Бұл жайында Sputnik Қазақстан жазды. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Қытайдың ондаған қаласында тұрып жатыр.

«Олардың көбісі түрлі себеппен консулдық есепке тұрмайды. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі арқылы Қытай аумағындағы Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтап жатыр», — деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан ғана емес, әлемнің басқа да елдері өз азаматтарын эвакуациялау мүмкіндіктерін қарастыруда.

Ухань қаласында карантин жариялануына байланысты қоғамдық көлік, сондай-ақ халықаралық автобус, теміржол және әуе қатынастары тоқтатылған.

«Болған жағдай айналасында мәселені ушықтырмауды сұраймыз. Ел үкіметі вирусты Қазақстан аумағына кіргізбеу бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», — деп атап өтті сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша, ҚХР аумағында таралып жатқан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Ведомство Қытайдың денсаулық сақтау органдары да вирус елдерге басқа таралмауы үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Үкіметте өткен кеңесте эпидемиологиялық қауіп-қатер жойылғанға дейін біздің азаматтарымыздың Қытайға баруын шектеу туралы ұсыным берілді.

Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі карантинге жабылмаған қалалардағы азаматтарға отанына оралу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Қытайдағы коронавирус

Қытайда 2019 жылдың желтоқсанынан бастап белгісіз коронавирустың таралуына байланысты ел билігі Хубэй провинциясындағы он қаланы «жауып» тастады.

Бірінші болып Ухань қаласы «жабылды». Себебі қауіпті індет 11 миллионнан астам тұрғыны бар осы қаладан тараған болатын.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Бүгінгі жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан 80 адам көз жұмған. Бұған қоса, бұл ауру басқа елдерге де тарай бастаған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...