Қарағанды облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үйді заңсыз бөлу, тұрғын үй жағдайлары жақсартуды қажет етпейтін тұлғаларды кезекке қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз өзгерту және өзге де жүздеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокурорлардың араласуынан кейін кезекте тұрған 89 адам көптен күткен пәтерлеріне қоныстанып, 110 адам жалға алушы мәртебесін ресімдеуі оларға мемлекеттік қызметтерді алуға жол ашты.
Жосықсыз жалға алушылардан 30 млн теңге өндіріліп, 13 пәтер босатылды, олардың 8 тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаждарға берілді.
Бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен 2 540 адам тіркеуден алынып тасталды.
Мердігерлерге қатысты да тиісті талаптар қойылып, олар қадағалау актілері бойынша мемлекеттік бюджетке 440 млн теңгеден астам соманы қайтарды.
Оқи отырыңыз:
- Сенат төрағасы М.Әшімбаевтың ашаршылық туралы пікірі қоғам наразылығын тудырып жатыр
- «Хиджаб киіп, етекті жауып, нан таппайсың»: Ақбота Сейітмағанбет орамалды шешуінің себебін түсіндірді (ВИДЕО)
- Nur Otan бір күнде 18 млн теңге жұтып жатыр