Басты бет Оқиға Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамалды

Түркістан облысы балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамалды

Шымкентте балалар ауруханасын басқарған бұрынғы жоғары лауазымды медицина қызметкері үйқамаққа алынды. Ануарбек Маймақов мемлекет қаражатын иемдену және ысырап ету бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақында Шымкентте күдіктіге қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілді.

Ануарбек Маймақов 2009 жылдан бері Түркістан облысы балалар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарған.

Оның қорғаушысы Сапар Әміртаев Маймақовтың нақты қандай қылмыс бойынша айыпталып жатқанын жеткізді. Айтуынша, дәрігерді өзі басқаратын ұйымға алынған екі қорғаушыға 400 және 280 мыңнан ақша аударған деп айыптауда. Ал аталған қорғаушылар іс жүзінде жұмыс істемеген көрінеді.

Сапар Әміртаев бұл істің тексеріліп жатқанына байланысты әзірге шешім шығару ерте екенін түсіндірді. Құзырлы органдар Маймақовтың қызмет еткен медициналық мекемесіндегі барлық деректерді тексеруде.

Қазіргі уақытта бұрынғы бас дәрігердің екі ай бойы үйқамақта отыратыны белгілі болды. Оның күдіктеліп жатқан қылмысы бойынша 2-ден 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл салу жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ бұрынғы бас дәрігердің есімі бұған дейін тағы бір даулы мәселеде бой көрсеткен болатын. 2017 жылы оның қоластындағы қызметкерлері құзырлы органдарға жүгініп, жалақыларын ұстап қалғанын мәлімдеген. Сол кезде дәрігердің 38,5 млн теңгені жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланды.

Айта кетейік, лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың екі айға қамауға алынғанын хабарлағанбыз.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...