Басты бет Оқиға Түркістан облысы: Әйелін көшеде балтамен басын жарып, қолын шапқылап кеткен (видео)

Түркістан облысы: Әйелін көшеде балтамен басын жарып, қолын шапқылап кеткен (видео)

Түркістан облысында жантүршіктірер жағдай! Келес ауданы, Абай ауылында күйеуі өз әйелін көшеде кетіп бара жатқан жерінде балтамен ұрған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Басы мен қолынан жараланған 46 жастағы әйелдің бір көзі енді көрмейді. Енді ғана есін жиған Әлия Әйтімбетованың айтуынша, ол үнемі зәбір көрсетіп келген күйеуінен екі аптадан бері қыздарымен бірге бөлек тұрып жүріпті. Мүгедек болып қалған Әлияның туыстары күйеу балалары енді жазадан құтылып кете ме деп қорқады.

Жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған Әлияның жағдайы: қолы шабылған, балта тиген басы қақ айрылғандай. Абай ауылындағы емханада медбике болып істейтін Әлия екі аптадан бері үнемі ұрып-соғатын күйеуінен кетіп, қыздарымен бөлек үйде тұрып жүрген. Таңертең жұмысқа кетіп бара жатқанда тып-тыныш көшеде ту сыртынан келген күйеуі екі қызының анасына басқа емес, балта жұмсапты.

— Жұмысқа шығып келе жатқанымда күйеуім Матқұлов Мұрат мені балталап тастады. Тегі сөзге келмейді, «өлтіремнен» басқаны айтпайды. 15 жыл отандасып, 16 жылдан бері көретін жәбірім сол. Тек зорлық пен зомбылық. «Жақындама маған, не болды саған, тыныштық па?» — десем, «сөйлеспеймін, сені өлтірем, сені өлтірем» — деп, мені балталап тастады.  

— Мына жердің бәрі қанжоса, көрсең, қорқасың, денең түршігеді.

Елуді еңсерген күйеуі әйеліне осы жерде шабуылдаған. Қайта әйелдің шыңғырған даусына жүргінші екі жігіт жүгіріп келген соң, Мұрат Матқұлов қаша жөнеліпті. Оқиға орнында көшені бақылайтын камера да орнатылған. Бірақ ол әлі іске қосылмапты. Көп қан жоғалтып, тым ауыр жағдайда ауруханаға түскен Әлияның тірі қалуы үшін дәрігерлер жарты күн ота жасаған. Ол үшін санавияция желісімен облыстан бірнеше дәрігер алдырылған.

Рүстем Раисов, Келес аудандық ауруханасы жарақаттану бөлімінің меңгерушісі:

— Басында, оң жағында жара, балтамен шабылған. Қолында, оң қолында, білегінде кесілген жарақаты және 5-ші саусағы сынған. Оның бәрі тігіліп, орнына қойылды.

Әлияның көршілері Мұрат туралы жақсы пікірде емес. Қара базарда валюта айырбастап, ақша табатын ол қоңсыларымен де сөйлеспейді екен. Ал Әлия соңғы уақытта көршілеріне көп шағымданыпты.

Майра Егембердиева, көршісі:

— «Күйеуім ұрады, мені де ұрады, қыздарды да ұрады, қыздар да азап-безер болды» дейтін. Өзі сәл біртүрлі, сол Мұрат.

Қазір қолға түскен оның, балтасымен бірге өзінен де сараптама алынған, тергеліп жатыр. Ал күндіз-түні ауруханада ауыр жарақат алған туысының тілеуін тілеп жүрген жақындары: «Күдікті жазадан құтылып кете ме?» деп қорқады.

Жанар Әйтімбетова, жәбірленушінің жеңгесі:

— Ажырасып та көрді бұнымен. Әйтеуір екі қызы жетім болмасын, осылар әкесі жоқ боп өспесін деп, жалынып келгеннен кейін, Құран ұстап, бізге ант-суын ішкеннен кейін, біз жарастырып… Осы уақытқа дейін жазаланбады ғой бұл. Неше рет ұрды, басқа қылды. Әйтеуір шығып кете береді ғой, тыныш қана. Енді осыдан құтылып кетпесін, әділ жазасын алсын.

Әлия Әйтімбетованың туыстары бұл істі прокуратура ерекше қадағалауға алғанын қалайды. Ал әйелін балталап, қансыраған күйінде тастай қашқан күдіктіге қатысты полицейлер «адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғады. Бәрінен де, екі қызға қиын соққандай. Өйткені әбден шошып қалған оқушыларға психологтардың көмегі қажет.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...