Басты бет Қоғам Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады

Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады

Түркістан облысында 26 бұрынғы полицей сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы) ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің бұрынғы бастығы А. Жаппаровқа, мемлекеттік жол инспекторлары бағынатын үш аймақтық және бір қалалық бөлім деңгейдегі ТЕБ басшыларына, облыстық полиция криминалистеріне, сондай-ақ, делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады», — делінген хабарламада.

Экс-полицейлер не үшін сотталды

Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне бірнеше айып тағылды: пара алу, пара беру, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, қызметтік жалған құжат жасау, оларды сату және пайдалану, қылмыстық ұйым құру, басқару және оған қатысу, жүргізуші куәліктерін заңсыз беру (144 факті), Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде кіргізілген 353 автокөлікті заңсыз тіркеу.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгені құрады.

Сот алдына кімдер келді?

Барлығы 38 адам жауапқа тартылды, оның 26-сы – ОҚО ішкі істер департаментінің бұрынғы қызметкерлері.

Қылмыстық іс 1 538 томнан тұрады.

Осы жылдың 11 қарашасында Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сайрам, Бәйдібек, Мақтарал аудандарының және Түркістан қаласы тіркеу-емтихан бөлімдерінің бұрынғы басшылары Н.Қуанышбеков, Н.Әбдіғалиев, С.Ағабеков және М.Түрегелдиев әрқайсысы 10 жылға сотталды.

Тіркеу-емтихан бөлімдерінің бұрынғы мемлекеттік жол инспекторлары мен ОҚО ІІД криминалистері, сондай-ақ делдалдар (азаматтық тұлғалар) әртүрлі мерзімге сотталды, кейбірінің бас бостандығы шектелді.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және арнайы атақтардан өмір бойына айырылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...