Басты бет Қоғам Түркістан облысында диқандар қырыққабатты қайда сатарын білмей отыр

Түркістан облысында диқандар қырыққабатты қайда сатарын білмей отыр

Түркістан облысында қырыққабат еккен диқандар тақырға отырды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Төтенше жағдай жарияланған соң олардың пісіп жетілген өнімі ешкімге керек болмай қалған. Егістікте жиналмай шіріп жатқан өнімін шаруалардың өзі енді шауып тастап жатыр.

— Капустаның бәрін шауып тастап жатырмыз, міне. Кімге керек бұл, сонша еңбек етіп істегеніміз бір тиын болды. Бес гектар капустаны бұзып тастап жатырмыз, 10 теңгеден алмай жатыр.

Жүздеген диқан пісіп жетілген өнімін қайда сатарын білмей отыр. Әдетте Ресейге өткізіп үйренген оларға шекара жабылған соң қиын соққан. Ел ішінде бұл көкөністі тұтынушы аз болған соң, бағасы тіпті түсіп кетіпті. Дихандар шулап, облыс әкіміне шағымданған соң, Өмірзақ Шөкеев бұл мәселені бүгін Үкімет отырысында көтеріп, жәрдем сұрауға мәжбүр болды. Түркістан облысы әкімінің айтуынша, егістікте жатқан 300 мың тоннаға жуық өнімді өткізуге қазір көмектеспесе, күнгейлік шаруалардың хәлі мүлдем қиын болғалы тұр.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

— Қазір бір келісі 10-15 теңгеге түсіп кетті. Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр. Сондықтан, министрліктермен бірге, қандай мүмкіншілік бар, бірге отырып, облыстармен бірге отырып шешейік. 250 мың тонна капуста дайын тұр. Бірдеме етіп өткізуіміз керек. Әйтпесе үлкен проблема болады, Асқар Ұзақбаевич.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Мәдениет және спорт министрі Шавкат Рахмоновқа қандай уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. "Қазақстан...

Үкімет Ұлттық қорға қайта «қол салмақ»

Соңғы сегіз жылда ондағы активтер 16 млрд долларға қысқарған, деп жазады inbusiness.kz. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кейбір базалық инфрақұрылымдық және басқа да стратегиялық шығыстарды Ұлттық...

Өзбекстанда өткен Азия чемпионатының соңғы күні ел қоржынына екі медаль түсті

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасының соңғы күні Ұлттық құрама қоржынына...

Заңға алғаш рет “қатыгез әрекеттер” түсінігі енді

Енді қатыгез әрекеттер заңмен қудаланады. Аталған өзгерістерді бүгін Сенат депутаттары бір ауыздан мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Түзетулер Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Бүгін...

Биыл полицияға хабар-ошарсыз кеткендер туралы 1600-ге жуық хабарлама келіп түскен

Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев айтты, деп жазады inbusiness.kz. "Жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге қатысты...

Әйгілі Флойд Мейвезермен жұдырықтасқан қазақ боксшысы қайда жүр

1996 жылғы Атланта Олимпиадасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Бақтияр Төлегенов пен америкалық Флойд Мейвезер жұдырықтасты. Кейін әлемге даңқы тараған Мейвезерге қарсы қазақ боксшысы айтарлықтай...

Атырау қаласында жасөспірім көпқабатты үйлердің бірінен құлап мерт болды

Атырау қаласында 16 жастағы жасөспірім биіктен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2 наурызда сағат 23:30 шамасында...