Түркістан облысында әкесінің көлігін ұрлап тепкен жасөспірім апатқа ұшырады

Фото: facebook.com/saltanat.karakozova

Қазығұрт ауданының патрульдік полицейлері «ВАЗ-21214» маркалы автокөлігін жасы кәмелетке толмаған жүргізуші басқарып келе жатқанын байқайған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Көлікті тоқтатып, мән-жайды анықтамақшы болғанда автокөлік бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамастан, қарсы бағыттағы көліктерді басып озып бой тасалаған.

Жол ережесін бұзған көлікке полицейлер «автокөлікті тоқтат» деген ескерту берген. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашып, көлікті қатты жылдамдықпен басқарған күйде темір қоршауға соғылды.

Нәтижесінде жасы кәмелетке толмаған бала әр түрлі жеңіл дәрежелі дене жарақаттарымен Қазығұрт ауруханасына жеткізілді.

«ВАЗ-21214» маркалы көлік Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің біріне тиесілі екені анықталды.

Оны жасөспірімнің әкесі басқарып жүрген. Ол автокөлікті жұмыс орнындағы автотұраққа қойған. Алайда ұлы көлікті рұқсатсыз айдап кеткені белгілі болды.

Бүгінгі күні Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Көлік автотұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз