Басты бет Оқиға Қылмыс Түркістан облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Түркістан облысында судья пара алып жатқан жерінен ұсталды (видео)

Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті.

Фото: ҚР ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК

«Атап айтқанда, Ә.Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған. 2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қаласында Ә.Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады. Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу)» делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлімі, яғни «Пара ал» бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алды.

Тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...