Басты бет Оқиға Қылмыс Түркістан облысында тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқ ұсталды

Түркістан облысында тұрғындарды алдап, қаржы пирамидасына ақша салдыртқан алаяқ ұсталды

Түркістан облысында тұрғындарды қаржы пирамидасына үгіттеп, ақша салдыртқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растап отыр. Олардың дерегінше, күдікті 11 сарыағаштық тұрғынды 3,5 миллион теңгеге тақырға отырғызып кеткен. Оқиғаның өзі өткен көктемде болыпты. Бейтаныс әйел әуелде «қосымша табыс табуға көмектесемін» деп сенімдеріне кіріп алған. Қажетті сомманы қалтасына басқан соң, ізім-ғайым жоқ болыпты. Алданып қалғандар полицияға арызданды. Құзырлы органдар істі «алаяқтық» бабымен тергеп, күдіктінің 11 іске де қатысы барын анықтап отыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

— Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол 2009 жылы бұрын сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты. Бұлтартпау шамасы қолхатта. Қазіргі таңда оған қатысты ҚК-тің 190-бабы бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жалғасып жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...