Басты бет Қоғам Түркістан облысындағы Қарабура ауылындағылар жер үшін қырқысуда (видео)

Түркістан облысындағы Қарабура ауылындағылар жер үшін қырқысуда (видео)

Түркістан облысында жер үшін ауыл тұрғындары мен жер иелері қырқысып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қарабура ауылында 200 гектардан астам жер бар. Нақтырақ айтсақ  – болған. Колхоз тараған соң ауданның қорына өткен суармалы және жайылым жерді 2007 жылы «Өтебай» мекемесі «ұжым боламыз» деген негізбен жалға алған. Алайда жалпы ауылға тиесілі болған жер бір кәсіпкердің иелігіне өтіп кетіпті. Содан бері жалға алғандар оны халыққа әр соттығын 15 мың теңгеден жалға береді екен. Ал жекеге айналған жайылым жерге жақындаудан да қорқамыз дейді.

Ыбырахым Малдыбаев, Қарабура ауылының тұрғыны:

— Осы 13 жылдан бері жерімізді бермей, жайылымға барған итімізді атып, сиырымызды атып, есектерімізді атты. Ауыл ішінде мылтығын асынып жүреді. Ауылымыздың 6 жастан 70 жасқа дейінгі қариялары бәрі қорқады одан, мылтық асынып жүргеннен.

Бір кездегі диқандар егін де сала алмай, малын да жая алмаған соң, «әркімге жалданып жұмыс істеуге мәжбүрміз» деп шағымданған. Жерге ие болғандар «тізесін батырады» дегендері сол еді, жиналған жұртқа жетіп келген жер қожайындарының бірі сөйлеп тұрғандарға тап берді.

Елді сыбап, қол сермеген қария «Өтебай» мекемесінің басшысы Сансызбай Байболовтың ағасы екен. Жер иеленіп отырған кәсіпкер телефонмен өзінде құжаттың бәрі дұрыс екенін, елдің сөзі жала екенін айтады. Тіпті, «кездескің келсе, әкімдікке кел» деген азамат елге жалға болсын жер беріп отыр екен-міс. Ал жерді біржола сұраған жұртқа өкпесін айтты.

— Қайта менің беріп жатқаныма рақмет айт демей ме? 

Кәсіпкер: «Егер аудан әкімі келсе, мен де барамын» деген. Тек, жиылғандарға әкім келген жоқ. Орнына келген жер қатынастары бөлімінің басшысы елдің бірнеше жылдан бері түсіріп жатқан шағымын қарауға уақыт болмағанын айтады.

Бауыржан Бейсенқұл, Келес ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы:

— 30 гектар жерді бердім деді. Біз ол кісінің сөзіне сеніп отырмыз ғой. Жақсы, құжаттарды көтерейік. Тексерейік. Енді мен қазір сізге нақты бірдеңе дей алмай тұрмын. Халыққа қазір мемлекеттік актісін аламын деп, бірдеңе айта алмай тұрмын. Біз құжаттарды қайта тексерейік.

Шенеуніктерге сенбеген ел былтырдан бері заңгер жалдап жерді қайтармақшы. Заңгердің зерттеуінше, ауданның жер қорынан жекеге өтетін кезде жалған құжат жасалған. «Қарсы емеспіз» деп қол қойған тұрғындардың қолдары да жасанды дейді. Енді қажетті құжатты жасап жатқандар жекедегі жерді аудан қорына қайтару үшін соттаспақшы.

Оқи отырыңыз:

Фото: видеоның скриншоты

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде - коронавирус құрбандарын еске алу мақсатында аза тұту күні деп жариялауына байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар...

Бұтақ арасына тығыла тұр деген: алматылық ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның бес жасар баланы ұрламақ болғаны туралы ақпарат пен бейнеролик тарап жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді,...

Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді

Төтенше жағдайлар комитетінің ұшағы астанаға дәрі-дәрмектің 600 мыңнан астам қаптамасын әкелді. Тауарлардың ішінде елордада аса сұранысқа ие 350 препарат бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан....

Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео

Нұр-Сұлтан супермаркеттерінің бірінде жанжал шығарып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан әйелдің пышақты оңды-солды сілтеп...

Дәурен Айдарқұлов: «Біз Ақботамен ажырасамыз. Ажырасу себебі құпия болмақ!»

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен бұрынғы Кешью тобының әншісі Ақбота-Нұрмен ажыраспақшы деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігі. Бұл туралы актердің өзі Instagram парақшасында жариялады. «Осыдан төрт жыл...

Қазақстандағы «белгісіз пневмония»: министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат...

Өзбекстанда ең ірі карантин аймағында жатқандар бүлік шығарды (видео)

Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық ауданында орналасқан "Уртасарай" карантин аймағында жатқандар 8-9 шілдеде бүлік шығарды, деп хабарлайды centralasian.org. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларға қарасақ, адамдар құлып...