Басты бет Оқиға Қылмыс Түркістан облысында зейнеткер әйел қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысында зейнеткер әйел қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Сарыағаш ауданында зейнеткер әйел мен қызы ақша үшін ұрсысып қалған. Қып-қызыл жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталған, деп хабарлайды zakon.kz.

15 ақпанда полицияға жедел жәрдемнен өлі адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы марқұмның анасымен ұрсысып, төбелесу кезінде пышаққа ілінгенін анықтады. Әйел өз үйіне келіп, зейнеткер шешесінен 20 мың теңге бере тұруын сұраған. Бірақ анасы оған ақша бергісі келмепті. Ашуланған қызы пышақ алып, анасына қарай тұра жүгірген. Зейнеткер анасы өзара жанжал кезінде қызының қолындағы пышақты алып, оны өзіне сұғып алғанға ұқсайды. Салдарынан қызы көз жұмды, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зейнеткер қамауға алынды. Сараптамалар тағайындалды. «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...