Басты бет Аймақтар Түркістан облысы Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толды

Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір халқын облыстың құрылғанына 2 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Шөкеев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 19 маусымындағы жарлығы Түркістанның түлеуіне ерекше серпін бергенін атап өтті.

«Осыдан тура екі жыл бұрын маусым айында Ұлы Түркістан даласында үлкен жаңалық болғаны белгілі. Түркістан облысы құрылды. Түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы өңір орталығына айналды. Тарихи өлшеммен қарасақ, бұл өте қысқа уақыт, алайда атқарылған қыруар жұмыстың арқасында Түркістанның жаңа келбеті, жаңа болмысы қалыптасып келеді», — деді өңір басшысы.

Облыс әкімі ең басты мақсат Түркістанды заманауи қала ету, өмір сүруге ыңғайлы, жайлы ету екенін айтты. Осы бағытта киелі шаһар арқылы «Батыс Қытай–Батыс Европа» автожолы, темір жол өтеді, жыл соңына дейін іске қосылатын Халықаралық әуежай – қаланың өсу потенциалын тағы да арттыратыны сөзсіз.

Түркістан қаласында 175 нысанның құрылысы жоспарланса, соның 102-сі жыл аяғына қарай пайдалануға беріледі, деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістанның туристік, білім орталығы ретінде дамыту үшін арнайы Туризм және меймандостық универститеті ашылды, рухани-мәдени орталық ретінде дамыту үшін 2019 жылы 9 әлеуметтік нысан тапсырылса, биыл 20 нысан құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек.

2019 жылы  қалада 1128 отбасы жаңа пәтер иеленсе, бүгінгі күнге түрлі қаржыландыру көздері арқылы 6300 пәтерді құрайтын 136 көпқабатты үй  құрылысы жалғасуда.

Соңғы 2 жылда Түркістан облысының экономикасына түрлі қаржы көздері бағытталды. Бір ғана Түркістан қаласына салынған инвестиция көлемі 160 миллиард теңгеден асты.

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...

Ақтөбеде сәбилер еңбектеп жарысты

Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz. Балаларды қорғау күніне Ақтөбеде ерекше шара өтті. Кішкентай бөбектер еңбектеуден жарысты. Шараға қатысуға тілек білдіргендер көп болды. Ал...

«Әл-Иттихад» Бенземаға 100 млн еуро жалақы ұсынған

Саудиялық "Әл-Иттихад" мадридітк "Реал" шабуылшысы Карим Бенземаның ұсынысқа жауап беруін күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, саудиялық клуб Бенземаға жылына 100...

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалитденов Қазақстан бітімгерлерін Украинға жіберілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжіліс ҰҚШҰ күштері мен құрылымдарына қатысты бірнеше заңды қабылдады....

Елімізде 43 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына...