Басты бет Оқиға Қылмыс Түркістан облысының тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды

Түркістан облысының тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды

Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлап, оған басқа нөмір тағып айдап жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Ол түнгі уақытта үйінің ауласында тұрған «Мерседес» маркалы автокөлігін белгісіз біреулер айдап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 800 мың теңге болды.

Қылмысты ашу мақсатында Ордабасы полицейлері жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Тәртіп сақшылары 3 күннен кейін күдіктіні Шымкент қаласында ұстады.

«Жәбірленуші көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктің арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілсе де, өз көлігін танып қалады. Полицейлер көлікті тоқтатып, жүргізушіден жауап алу барысында оның іздестіріліп жүрген күдікті екенін анықтайды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты», – деп жазылған хабарламада.

Күдікті полицейлерге берген жауабында көліктің кілтімен тұрғанын көріп, ауладан итеріп шығарып, айдап кеткенін мойындаған.

Жоғалған көлік айғақ зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында күдікті сыбайласымен бірге мал ұрлығын жасағаны анықталды. Күдіктілер жәбірленушінің қазыққа байланып тұрған бұзауын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 110 000 теңгені құраған. Күдіктінің айтуымен сыбайласы да ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...

14 жасқа дейінгі балалар ел ішінде ұшақпен тегін ұша алады

Мемлекет ата-аналары бірге ел ішінде саяхаттауға алып шыққан балалар тасымалы үшін әуе компанияларына ақы төлеуге дайын. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің басшысы мәлімдеді, деп...

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...