Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы Ulysmedia.kz Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Оқи отырыңыз:
- Қаңтар оқиғасы: нигериялық азаматты “терроризм үшін” кінәлаған
- Нұр-Сұлтан әкімдігі қантты 320-470 теңгеге қай жерден сатып алуға болатынын айтты
- Елімізде жәрдемақы мөлшері көбейе ме: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді