Басты бет Оқиға Қылмыс Түркістандағы атышулы іс: Бойжеткен алып қашқан жігіттің өзіне не істегенін айтып берді

Түркістандағы атышулы іс: Бойжеткен алып қашқан жігіттің өзіне не істегенін айтып берді

2019 жылы желтоқсанда Түркістан облысында қыз ұрлап қашқандардың ісі әлі тергеліп жатыр. Осы оқиғада зардап шеккен қыз vera.kz басылымына өзінің басынан өткен жантүршігерлік жайтпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістан облысының полициясы газет журналистеріне қазір бұл фактіге қатысты екі бап, яғни «Адам ұрлау» және «Зорлау» бойынша тергеу жүргізіп жатқандығын, ал күдіктілер Түркістан қалалық сотының шешімі бойынша кепілмен босатылғанын хабарлады.

— Сот-медициналық сараптамасы қыздың қыздық жарғағы зақымдалғанын растады, яғни зорлау фактісі расталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық жағдайлар анықталатын болады. Қалған үшеудің іс-әрекетіне тергеуден соң құқықтық баға беріледі. Тергеушілердің айтуынша, бұл іс қазір тексеріліп жатыр, жақын арада сотқа жолданады, — деді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Медициналық колледждің 3-курс студенті vera.kz сайтында өз басынан өткен сол күнгі қорқынышты жайтпен бөлісті. 3 желтоқсанда ол жеңгесімен бірге үйден сабаққа шығады. Қыздар сабақтан кешігіп қалмас үшін такси ұстамақшы болып жолдың бойында тұрады, сол кезде кенеттен алдарына бір көлік келіп тоқтап, ішінен шыққан төрт жігіт олардың еш ойлануына мұрша берместен студент қызды темір тұлпарға бір-ақ тығады, ал оның қасындағы жеңгесін итеріп, тротуарға құлатады. Ынтымақ ауылына келгенде ғана қыз өзін алып қашқанын біледі.

— Мені Ынтымаққа алып келді. Ол үйленуге ұсыныс жасады, мен келіспедім, ол арада да қалуға көнбедім. Осыдан кейін олар мені тағы да күштеп көлікке отырғызып, Кентау қаласына алып барды. Мен көліктен шыққым келмеді, сол кезде бір жігіт мені көтеріп алып, бір үйге алып барды. Ол жер суық болды, біз кешке дейін сонда болдық. Сол кезде жеңгелері жүрді сол арада. Үйленуге үзілді-кесілді келіспейтінімді айтып, мені босатуларын сұрадым. Ол үйде екі келін, екі жеңгесі, екі ағасы және үш досы болған,- деп еске алады қыз.

Қалыңдықтың көл қылған көз жасы ешкімді жібітпеген. Ақыры қызды тағы да күштеп көлікке отырғызып, Шымкентке алып барады. Қалада көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабаттағы пәтерге қызды күштеп әкеліп, қараңғы бөлмеге қамап қояды. Ал есіктің арғы жағында қыз көніп қалар деген үмітпен абыр-сабыр күйеу жігіт пен оның тусқандары мен достары жүрген.

— Түнде ол қасыма келді, алдымен сөзбен көндірмек болды, содан кейін … Мен көмек сұрап, бар дауысыммен айқайладым, бірақ ол «кетем десем немесе болған жайтты біреуге айтсам сені өлтіремін» деп қорқытты. Содан соң ол мені зорлап тастады. Терезеден секіріп кеткім келді, бірақ жігіт мені ұстап қалды, — дейді сол түнді көз жасына ерік беріп, есіне алған бойжеткен.

Қыз енді қайтіп өмір сүрерін білмейді. Екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Осы оқиғаға дейін оған сөз салып жүрген жігіті болыпты, ол медбике дипломын алып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуді армандаған. Ал қазір студент қыз өзіне қастандық жасаған адамдардың заңмен жазалануын ғана армандайды.

— Мен ол жігітпен кездескен емеспін. Ешқандай қарым-қатынасымыз болмаған. Мен оның атын ғана білемін және ол менен үш жас үлкен. 27 қарашада бір тойда оны көргенмін, бір-ақ рет, болды. Сол кезде ол мені биге шақырды, бірақ одан бас тарттым. Өйткені менің жігітім бар болатын, анам ол туралы білетін. Мені алып қашқанда да жігітім барын айттым, бірақ олар маған сенбеді, — дейді қыз.

Ал бұл уақытта Түркістанда бүкіл отбасы ортаңғы қызды шарқ ұрып іздеп жатқан. Әке-шешесі, екі ағасы мен әпкесі барлық достарынан, таныстарынан сұраған, ауруханаға да қоңырау шалған, ақыры полицияға қыздың жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Одан кейін де қыз табылып, үйге қайтарған кезде анасы «сүймесең, үйленгің келмесе, онда полицияға кеттік» деген. Сөйтіп тағы арыз жазылған. Арызды Түркістан қалалық полиция бөлімі қабылдады. Олар күдіктілерді 10 тәулік бойы іздестіріп, ақыры тауып, барлығын тергеу изоляторына қамады.

— Бірақ, содан кейін бұл оқиға күтпеген бақытқа ойысты, — дейді ашулы құқық қорғаушы Айгүл Орынбек. — Балалар қамалған кезде бұл істі Түркістан қаласының тергеушілері жүргізді. Содан кейін қалай екенін түсінбедім, бұл істі Түркістан облысының полиция бөлімі өзіне алып, жігіттерді босатып жіберді, — дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, Түркістан қаласының полиция қызметкерлері жігіттерді жапқан, ал облыстық полиция басқармасы оларды босатқан. Оның үстіне үшеуі, қылмысқа қатысушы емес, куәгер ретінде тартылып жатыр. Ал 20 желтоқсанда соттың өзі қыз алып қашқан жігітті 15 миллион теңге кепіл ақшамен босатып жіберді.

— Енді іс Түркістан қалалық полиция бөліміне қайта қайтып келді, соған қарағанда бұлар тараптардың татуласуы бойынша істі жабуға тырысып жатқан секілді, — деп күдіктенеді Айгүл Орынбек.

Зардап шеккен қыз бен құқық қорғаушының айтуынша, соңғы күндері үйге құда түсушілер жиі келіп кеткен. Олар гауһар тас та, ақша да, той жасауды да ұсынып, бастысы полициядан арызды алуды өтініп жүр екен.

— Олар келіп, бізге ақша бергісі келді. Ал жігіттің өзі бәрін сатып алатынын айтты, ал мен ештеңе дәлелдей алмайды екенмін. Көзбе-көз сөйлестірді де бізді, қасындағы жігіттер базарға бара жатып, бізді кездейсоқ көріп қалғандарын айтты. Бәрі бір ауыздан Шымкентке қыдырып бара жатыр едік, қыздарды ала кеттік «қалаға барамыз» деген соң деді. Ал мені үйден-үйге алып жүргенде өтіп бара жатқан адамдар және басқа тауыстары болды, бәрін көрді ғой. Мен айқайлап, көмек сұрадым, бірақ маған ешкім көмектеспеді, — деп есіне алады қыз ол күнді.

Адвокат қыздың да, оның отбасының да Түркістан облысының полиция бөліміне сенбейтінін айтып, істі Шымкент қалалық полиция бөліміне тапсыру туралы өтінішпен ҚР Бас прокуратурасына арыз жазған.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...