Басты бет Саясат Президент Төтенше жағдай барысында табысын жоғалтқан қазақстандықтарға жәрдемақы беріледі

Төтенше жағдай барысында табысын жоғалтқан қазақстандықтарға жәрдемақы беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткізген төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында коронавирус індетіне байланысты табысын жоғалтқан адамдарға жәрдемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінде тек Алматы қаласындағы карантин кезеңінде кәсіпорындардағы жұмысшылар саны 266 мың адамға азайды. Бұл жағдай жеке кәсіпкерлер арасында да байқалып, олардың 80%-ті өз қызметін тоқтатқан.

«Алдын ала есептеулер бойынша қазіргі жағдай 500 мыңға жуық азаматтың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізді. Сондықтан, төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан адамдарға 1 ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай-сайынғы төлемдер жасауды тапсырамын», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мұндай қолдауға 1,5 миллион отандасымыз иелік етуі мүмкін.

«Қажет болса, қолдау көлемін ұлғайта отырып, қамту ауқымын кеңейтуге де резервтік қор жеткілікті. Мемлекеттік комиссияға төлемдердің ашық әрі тиімді тетігін жасауды тапсырамын», – деді президент.

Ал мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға кімдер ие болатындығын қоғам өкілдері мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері кіретін арнайы өңірлік штабтар анықтайды.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...