Басты бет Қоғам Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем таксистер мен бала күтушілерге де төленеді

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем таксистер мен бала күтушілерге де төленеді

Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізушілері мен бала күтушілер төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқылы. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Төтенше жағдайға байланысты бұл адамдардың көпшілігі үйде қалып, қызмет көрсете алмай отыр. Осыған байланысты олар 42 500 теңге төлем алуға өтініш білдіруге құқылы. Олар бар болғаны өтініш қалдыруы керек. Содан кейін біз мәліметтер базасынан төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі 12 айдың ішінде кем дегенде үш айында әлеуметтік жарна аударған ба, жоқ па соны қараймыз», — деді Болатбекова баспасөз мәслихатында.

Төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 1 АЕК немесе 42 500 теңге мөлшерінде жасалады.

«Такси жүргізушілері мен күтушілер 2018 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүр. Қала тұрғындары ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни Нұр-Сұлтан қаласында тұратындар 2 651 теңге төлейді. Сол себепті олар міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жүйесінің, сонымен қатар зейнетақы жарнасының қатысушылары болып саналады «, — деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы бойынша директоры Дина Баегизова микро және шағын, орта бизнес кәсіпкерлері, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған жұмыс берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер де бұл төлемге өтініш бере алатынын айтты.

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қалай төлем алуға болатынын түсіндірген еді.

«Біріншісі, жәрдемақы төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға беріледі. Оның мөлшері – айына 42000 теңге. Бұл шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші береді. Өтінімді аудандық, қалалық жұмыспен қамту штабтары қабылдайды. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай аяқталғанша төленеді», — деді министр.

Төлемнің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға беріледі. Олар бір айдан алты айға дейін төлем алуға құқылы. Оларға жоғалтқан табысының 40%-і мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, өтініш беру қажет.

Оқи отырыңыз:

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғаны рас па?

Қазнетте Астанада жедел жәрдем бригадаларының саны азайғандығы туралы ақпарат тарады. Онда мұндай шешімді жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев жеке өзі қабылдағаны айтылған, деп...

Қазақстандықтардың моншаға аз баруына не себеп

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров қазақстандықтардың моншаға аз бара бастағанын айтты. Оның пікірінше, оған азық-түлік бағасымен қоса қызмет көрсетудің де қымбаттауы себеп, деп хабарлайды...

Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 2023 жылдың 3-5 маусымында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.   Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қатты аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК хабарлауынша,...

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп...

Қазақстанда ауыл мектептерінің саны күрт азайды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан мектептері жайлы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бюро мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында барлығы 7687 мектеп жұмыс істеді. Ондағы мектептердің 31,6% қалада,...

Сенат спикері: Халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев халықтың ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сенаттың бүгінгі отырысында арнайы экономикалық аймақтар мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық...

Мектеп оқушысы 30-ға жуық тілді қалай меңгеріп алғанын айтты

14 жастағы Айбат Ахметжан тілдерді меңгеріп қана қоймай оның тарихын да зерттеп, көне тілдерде еркін сөйлей алады. Бұл туралы полиглот жасөпірім "Таңшолпан" бағдарламасында айтып...