Үкімет елімізде 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимі орнағаннан кейін қазақстандықтардың несиелері не болатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев қазіргі уақытта министрлер кабинеті шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар негізінде жұмыс істеп жатқанын айтты.
Тиісті бұйрықты, оның сөзінше, мемлекет басшысы берген. Ол алдағы уақытта коронавирустық пандемияға сәйкес елде төтенше жағдайлардың енгізілуіне байланысты қандай шаралар ұсынылатындығын біліп беретіндігін уәде етті.
«Қазір бұл мәселе пысықталуда», — деді маман.
Мәдиев несиеге демалыс беру бастамасын көптеген кәсіпкерлердің көтергенін жасырған жоқ.
Ұлттық экономика министрі орынбасарының айтуынша, қазіргі уақыттағы күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда.
Ол бизнес шығындары сауда орталықтарының, кинотеатрлардың және басқа да ойын сауық орталығының қызметін шектеуге немесе тыйым салуға байланысты есептеліп жатқанын мәлім етті.
Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.
Оқи отырыңыз:
- Төтенше жағдай мерзімінен бұрын да тоқтатылуы мүмкін – Ерлан Қарин
- Қазақстанда Наурыз мейрамы кезінде теракт жасамақ болған адам ұсталды – ҰҚК
- Оқушылардың демалысы: баламен бірге отырғаны үшін ақы төлене ме?
Фото pixabay.com сайтынан алынды