Тәжікстанда оппозициялық партия президент сайлауына бойкот жариялауы мүмкін

27
Фото: centralasian.org

Тәжікстан социал-демократия партиясының жетекшісі Рахматилло Зойировтың хабарлауынша, партияның жергілікті бөлімдері биыл 11 қазанда өтетін президент сайлауына қатысуға қарсы, деп жазады centralasian.org.

Рахматилло Зойиров Фейсбукте мәлімдеме жариялап, онда «қазіргі президенттің ұлы Рустам Эмомали сайлауға қатысатын болса, елде азаматтық соғыс басталуы мүмкін» деген күдігімен бөлісті.

33 жастағы Рустам Эмомали — Душанбе қаласының басшысы және Маджлиси милли (тәжік парламентінің жоғарғы палатасы) төрағасы. Ол Тәжікстанда ықпалды екінші адам саналады. Сарапшылар Рустам Эмомали маңызды мемлекеттік қызметте әкесінің орнын басады деп болжайды.

«Қарапайым азаматтар мен оппозицияны былай қойғанда, Рустам Эмомалидің сайлауға қатысуын Тәжікстан мемлекеттік қызметіндегі лауазым иелерінің жарымы қаламайды», — деп жазды Зойиров.

Эмомали Рахмон басқаратын Тәжікстан халық демократиялық партиясы сайлауға қатысатын үміткерін әлі таныстарған жоқ.

Тәжікстанда кезекті президент сайлауы биыл 11 қазанда өтеді.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз