Әлеуметтік желілерде аспанда ұшақтан артынан қалған ерекше іздің видеосы жарияланды. Жұрт оны улы зат деп ойлап, шатасты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақтаулықтар ұшақтың артына қалдырылған ізді видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде таратқан. Бұл видеоны көрген желідегілер, ұшақ ізін тағы да улы зат шашу деп топшылаған.
Аталған жайтқа байланысты Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсініктеме берді, деп хабарлады Маңғыстау облысының Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы.
— Видеода авиациялық қозғалтқыштан бөлінген конденсация ізі көрсетілген. Ұшақ орналасқан биіктікте ауа температурасы — 60 градус. Ондайда ыстық ауа салқын ауамен араласып, ұшақ ізі қатып қалады. Ал 4-5 минуттан кейін бәрі еріп, ауаға тарайды. Таңның атысы немесе күннің батуы ұшақ ізіне қызыл түс береді. Күндіз бәрі оны ақ, қараңғыда — көгілдір түсте көреді. Барлығы күннің қалай жарқырауына байланысты. Айта кету керек, күн сайын бұл аймақ үстінен әртүрлі бағытта оншақты ұшақ ұшады. Бұл құбылысты қазақтар «Құс жолы» деп атайды, — деді Ерғазы Жолдасов.
Белгілі тарихшы, экономист Болатбек Нәсенов ел арасында "Рыжий Алмаз" атымен танылған ұлы Несіпбай Нәсенов жайлы көпшілік біле бермейтін жайттарды баяндады. Ол қылмыс әлемінің серкесі...
Нұр-Сұлтанда жексенбіге қараған түні жас жігіттер бойжеткен үшін төбелесіп, бір-біріне оқ атты. Тәртіп сақшылары барлық күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түнгі...
Сынықтан басқаның бәрі жұғады демекші, халық арасында «Бекшин әулие» атанып кеткен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің сәуегейлігі Денсаулық министрі Алексей Цойға...
14 жасында жат ағым жетегіне ерген жезқазғандық ару өз шындығын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ол деструктивті дін өкілдерінің адам айтса сенгісіз әрекеттерін жайып салды. Видео...
Дүниеге жігіт болып келген Айя бүгінде жынысын ауыстырып, қызға айналмақ ниетте. Шымкент қаласында туып, Алматыға қоныс аударған ол мұндай әрекетке өзін кім итермелегенін "Хабар"...
Әлеуметтік желіде мұз үстінде қобыз тартқан арудың видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Оқырмандардың жоғары бағасына ие болған ролик Алматы облысы Қапшағай су қоймасында түсірілген,...
Алматылық полицейлер қаруланған адамдардың ізінен қуып, біреуін ұстады. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
https://youtu.be/excGTXdtblk
23 қаңтарға қараған түнде Медеу ауданының полицейлері күдікті...