«Тағы карантин жарияланады»: Тоғжанов ел арасында тараған сыбысқа жауап берді

114
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қазақстанда тағы да қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі карантин енгізуге қатысты сұрақ қойды.

«Халық арасында, әлеуметтік желілерде 17 қыркүйекте қайта карантинге жабады деген ақпарат тарап жатыр. Қазан айында күн сайын 5 мың адамға дейін індет жұқтырады деген де ақпар бар. Жалған ақпарат болса, оны таратқандарды қалай бақылайсыздар?», – деп сұрады журналист.

Тоғжанов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ондай ақпарат бізде жоқ. Бүгінгі күні өсім деңгейі 0,1 процентті құрап отыр. Бұл ашығын айтқанда, үлкен жұмыс пен қабылданған шаралардың нақты нәтижесі. Қазақстанда ешқандай карантин енгізу мәселесі тұрған жоқ. Керісінше, өздеріңіз байқап отырғандай, карантин режимін жұмсартуға байланысты бірнеше шаралар қабылданды,» – деді вице-премьер.

Ол бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысы өтетінін және онда карантинді одан әрі жеңілдету жайы қаралатынын атап өтті.

Вице-премьер қазақстандықтардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.

Оқи отырыңыз: