Басты бет Оқиға Қылмыс Талдықорғанда әскери қызметкер өзінің әріптесін атып тастаған

Талдықорғанда әскери қызметкер өзінің әріптесін атып тастаған

38 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы жағдай Қаратал шағын ауданында өткен жылдың 24 желтоқсанында кешке болған. Полицияға қастықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті, ер адам басына оқ тиіп, мерт болған.

Оққа ұшқан ер адам, тексере келгенде, Талдықорған маңында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Облыстық тергеу басқармасының басшылығы бұл істі өз назарына алды.

— Тергеу барысында бірнеше болжамдар қарастырылып, олардың әрқайсысы мұқият тексерілді. Біршама жұмыс жасалды. Жәбірленушіге қатысты барлық адамдардан жауап алынды. Бірқатар тағайындалған сараптамалардың нәтижелері алынды, олардың ішінде сот-криминалистикалық, баллистикалық, кескінді-сипаттамалық және тағы басқасы да бар. Нәтижесінде қарастырылған болжамның бірі расталды, полиция кісі өлтірген күдіктінің жеке басын анықтай алды. Ол жәбірленушімен бірге істейтін әскери қызметкер болып шықты, күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсап.

Полиция күдіктінің жәбірленушімен бір әскери бөлімде қызмет ететінінде қоса айта кетті.

— Сотқа дейінгі тергеу ісі облыстық тергеу басқармасы қолында. 16-шы калибрлі шолақ аңшы мылтығы Қаратал өзенінің түбінен табылды. Қару тәркіленіп, заттай дәлел ретінде тергеу материалдарына тіркелді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...