Басты бет Оқиға Қылмыс Талдықорғанда таксишіні пышақтап, көлігін айдап кеткен екі қаскөй ұсталды

Талдықорғанда таксишіні пышақтап, көлігін айдап кеткен екі қаскөй ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне қарулы шабуыл жасап, оны өлтірмек болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 қарашаға қараған түні Талдықорған полициясына қала шетінде ауыр жараланған ер адамның табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл мәліметті оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы растады. Пышақталған азамат дереу ауруханаға жеткізілді.

Жағдайларды анықтай келе, полиция жәбірленушінің кісі тасумен айналысқанын және белгісіз екі адам оны пышақтап, Audi -100 көлігін иемденіп кетіп қалғаны мәлім болды.

— Талдықорғанда және бүкіл аймақта «Ұстау» жоспары жарияланды. Іздестіріліп жатқан Audi-дің облыс орталығынан тысқары шыққаны анықталды. Оны Үштөбеге кіреберісіте Қаратал аудандық полиция қызметкерлері тоқтатқан. Күдіктілерді ізіне түскен екі патрульдік бригада ұстады. Ұсталғандардың екеуі де Талдықорғанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — дейді Талдықорған қалалық полиция бастығы Асқар Нұрсапа.

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 99-бабы, яғни «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

— Күдіктілердің екеуі де 2001 жылы туған Сарқанд ауданының азаматтары екені анықталды, олардың біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ ол кәмелет жасқа толмағандықтан түрмеге қамауға байланысты жазадан құтылған, — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Күдіктілер сұрақ-жауап кезінде екеуінің де қылмысқа дайындалып барғандарын, ал тартып алынған көлікті бөлшектеп, сату туралы жоспарлары болғанын айтқан. Үйден алдын ала пышақ алып шыққан екеуі Талдықорғанда бір таксиге мініп, оны алдау жолымен қала сыртына алып шығады, сөйтіп оның мойнын пышақпен осып жібереді.

— Полицияның сауатты іс-әрекетінің арқасында аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер дер уақытында ұсталды. Оқиға орнынан табылған пышақ пен күдіктілерді ұстау кезінде тәркіленген тағы бір пышақ заттай айғақтар ретінде қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. Бұл іс облыстық полиция департаментінің жеке бақылауында, — дейді баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әуе рейстерінің қайта жанданғаны рас па: комитет жауап берді

Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстерге билет алушыларға үндеу жасады. Мамандардың айтуынша, әуе билеттерін сату және сатып алу халықаралық рейстердің ашылғанын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ...

Бурабайда полиция қызметкері адам қағып өлтіріп, қашып кеткен

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Нұрлан...

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында...

Тепловизор және дезинфекция түнелі: ҰБТ тапсыру орындары қалай жабдықталады

Қазақстанда мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда тапсырады, деп жазады Sputnik Қазақстан.   Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін орындар тепловизор, дезинфекция түнелі және аяқ киімді...

Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден...

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды — видео

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында пара алған әкім ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округының...

1-сыныпқа баратын балалардан тест алуға ешкімнің қақы жоқ

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдаған кезде мектеп олардан тест алуға құқылы емес. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді,...