Синоптиктердің болжауынша, тамыз айының алғашқы үш күнінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел сақталады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы айтарлықтай тұрақты болады деп болжануда.
Автор: Рамазан Есмағамбетов