Танымал тергеуші тексеріске алынды: министр түсініктеме берді

64
Фото: Мvd.gov.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев танымал қазақстандық тергеуші Олеся Кексельдің тергеуге алынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Тергеу жүріп жатыр, оның үстінен азаптау туралы арыз түсті. Қазіргі таңда арыз тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Тергеуге байланысты әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені арыз бас прокуратурадан түсті, тексеру туралы тапсырма берілді», — деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Министр Ерлан Тұрғымбаев Кексель шетелде емес, Қазақстанда екенін атап өтті.

Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан. Атап айтсақ, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Күрделі сыбайлас жемқорлық істерін тергегені үшін 2017 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталып, беделді «Алтын Адам» жүлдесінің «Жылдың мемлекеттік қызметшісі» деп танылды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметін басқарды. 2019 жылдың мамырында қызметінен босатылды.

Оқи отырыңыз: