Басты бет Оқиға Тараз: 20 бейнебақылау камерасы бар мектепте оқушы қызды зорлап кеткен (видео)

Тараз: 20 бейнебақылау камерасы бар мектепте оқушы қызды зорлап кеткен (видео)

Таразда оқушысына азғындық жасалған білім ошағының педагогтары шетінен қызметінен босап жатыр. Осындай шешімнің шығуына олардың өз ісіне немқұрайды қарауы себеп, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тараздағы №6 мектептің оқушысы жұма күні зорланған. Сол оқиғадан кейін ата-аналар жаппай дүрлігіп жатыр. Наразы топтың айтуынша, бұл жағдайға бақылау жасай алмаған білім ошағының басшысы кінәлі.

Айтуға ауыз бармайтын азғындық әжетханада жасалған көрінеді. Нысанның далада дегені болмаса, білім ошағы ғимаратынан қашықта емес. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі, мектептің сол қапталында ішке енетін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, жеткіншекке жәбір көрсеткен.

Азғындық жасады деп айыпталған азамат мектептің айналасында емін-еркін жүр. 38 жастағы күдікті оқушы қыз әжетханадан шыққанда тап беріп, жәбір көрсетіпті. Жұрттың сөзінше, ғимарат ішіндегі дәретхана ұдайы жабық болғандықтан, 7-ші сынып оқушысы сырттағы дәретханаға амалсыз шыққан.

Елмира Асылова, Тараз қаласының тұрғыны:

— Осы жағдайды біз үнемі талқылайтынбыз. Әжетханадан қорқатынбыз. Осындай жағдай болады деп қорықтық. Іштегі әжетханаға оқушыларды жібермейді.

Қыз бала география сабағы кезінде сұранып шыққан. Алайда мұғалім оны 45 минут бойы іздемепті. Ал әбден азапталған оқушы өзі келіп, жағдайды сынып жетекшісіне айтып береді. Тек содан кейін дабыл қағылған. Мектепте жалпы саны 20 камера жұмыс істеп тұр. Алайда оны бақылап отыруы тиіс вахтер да, инспектор да жұмыс орнында болмаған. Енді өз ісіне немқұрайлы қарағаны үшін мектеп директорының орынбасарынан бастап жұмыстан шығарылып жатыр.

Рахия Тұрмағанбетова, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы:

— Жұмыс істеп тұрған камераларға ешкім назар аудармаған. Сол адам мектеп аумағына кіріп, бір сағаттай жүрген. Ол камерадан көрініп тұр. Соны көре тұра, оған ешкім назар аудармаған.

Қаланы дүрліктірген күдікті қолға түсті. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 38 жастағы күдікті бұған дейін ұрлық жасап істі болған. Қазір ол қамауда.

Айта кетейік, мектеп инспекторының да салғыртығы үшін басшысына дейін жауапқа тартылады.

Бауыржан Өтегенов, Жамбыл облыстық ПД бастығының орынбасары:

— Мектеп инспекторына өте қатаң шара қолданылады. Полиция департаменті оның кінәсін жоққа шығармайды. Кіінәсі бар. Өте өрескел қателіктер жіберген.

Ал жәбір көрген оқушы үйіне оралды. Мектепке келу ниеті бар. Алайда әлеуметтік желіде оған бәзбіреулер тіл тигізіп, психологиялық соққы жасаған. Осы жағдайдан шошынып қалған ата-аналар білім ошағындағы қауіпсіздіктің күшейтілуін қалайды. Тіпті өңірдегі барлық мектептерге «арнайы күзет бөлінсін» дейді.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...