Таразда дөнер дүңгіршегінде жұмыс істейтін қызды белгісіз біреулер алып қашқан

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Таразда дөнер сататын дүңгіршекте жұмыс істейтін қызды белгісіз біреулер алып қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, 21 тамызда сағат 00.30-да кезекші бөлімге аспазшы болып жұмыс істейтін 20 жастағы қызды облыс орталығындағы кафелердің бірінен ұрлап әкеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері танымайтын қызды үйлену мақсатында оның келісімінсіз ұрлап әкеткен 23 жастағы Талас ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді бақытсыз күйеу жігіт төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз