Басты бет Қоғам Таразда әйелді ит талап өлтірді

Таразда әйелді ит талап өлтірді

Құтырған итті, тіпті, иесі тоқтата алмаған, деп хабарлады КTK арнасы.

Таразда тапа-тал түсте жантүршігерлік оқиға болды. Әйелдің жан ұшыра айқайлаған дауысынан шошыған көршілердің бәрі көмекке жүгіріп келген. Үйдің қоршауынан асып қарағанда олар үлкен иттің 54 жастағы әйел талап жатқанын көрген.

«Ит әйелді мына жерден бастап тістей бастады, содан кейін оны көшеге қарай сүйретті. Ит оны қатты талап тастады. Мен сол уақытта үйдің қоршауында отырып, итке қарай ломды лақтырып жібердім», — деді көршілердің бірі.

Алайда, көршілердің бұл әрекетінен ештеңе шықпаған. Құтырған ит әйелді қайта тарпа бас салып, талауын тоқтатпаған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі шала жансар әйелге көмек көрсету үшін жарты сағаттай күтіп тұрған. Кейіннен итті полицейлер атып тастаған. Әйелді ауыр халде ауруханаға жеткізді. Үсті-басынан сау тамтығы жоқ әйелді бірден хирургтарға тапсырды. Алайда, дәрігерлер әйелді құтқара алмады. Екі литрдей қан жоғалтқан әйелдің жүрегі тоқтап қалған.

Кейіннен белгілі болғандай, қаза болған әйел туыстарының үйіне қонаққа келген. Иттің иесі жануарды тоқтатпақшы болғанымен, питбуль одан бетер әйелді талай бастаған. Құтырған питбуль бар-жоғы 3 жаста болған. Ол бұған дейін де адамдарға шабуыл жасағаны белгілі болды.

«Өте қорқынышты, есек секілді өте үлкен ит. Бәріне арпылдап жүгіретін. Иттің иесі қақпаны жауып қоятын. Алайда, ашық тұрған кезде адамдар өте алмайтын. Полиция да, бәрі де біледі. Былтыр бір адамды талап тастап, ауруханаға түскен болатын», — деді отбасының көршісі Азиза Наурызбаева.

Полицейлер тергеу амалдарын бастап кетті. Дегенмен, қай бап бойынша қылмыстық іс қозғалатыны анықталуда. Адамөлтіргіш иттің иелері жазалануы да белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...