Басты бет Қоғам Таразда тойға барғандар уланып, ауруханаға түсті (видео)

Таразда тойға барғандар уланып, ауруханаға түсті (видео)

Таразда тойға барғандар астан уланып, шетінен ауруханаға түсіп жатыр. Әу баста бес адам жатқызылғанымен, қазір дәрігерлік көмекке жүгінгендер саны 30-ға таяп қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Фото pixabay.com сатынан алынды

Мұхтар Шаханов, Алматы қаласының тұрғыны:

— Мен тойханада ет жедім. Бір котлет. Басқа артық ештеме жегем жоқ. Кола іштім. Бір инфекция түскен бе деймін тамаққа. Тек қана ет жеген адамдардың өзі, мысалы, сарқытқа алып барған ет жегенде де ауырып жатыр. Ет деген ол қайнатылған нәрсе ғой.

Қырық жасты тойлауға 80 адам жиналған екен. Қуанышқа қатысқаны да, қатыспағаны да ауруханаға түсіпті. Демек олар сарқыттан дәм татқан болуы ықтимал. Бәрінің іші тоқтамай, өздерін жайсыз сезінгендіктен емдеу мекемесіне келген. Науқастар саны 30-ға жуықтайды дегенмен, аруханада 7-і ем алуда. Оларға «ішек инфекциясы» деген диагноз қойылыпты. Дәрігерлер өмірлеріне «еш қауіп жоқ» дейді. Қазір қонақтардың неден уланғанын анықтау үшін тексеріс жүруде. Ал, той өткен мейрамхана әкімшісі өздеріне шаң жуытпай отыр. Айтуынша, сырқаттар ауруханаға той өткеннен кейін екі күннен соң түсе бастаған. Яғни, олар жолай бір жерден ауқаттанған немесе той «сарқытының мерзімін өткізіп жеген» дейді.

Ләззат Жақаева, мейрамхана әкімшісі:

— Той болады деген күні біз бәрін сол күні жасаймыз. Кешегі тамақты қою деген жоқ. Одан кейін ертесі күні де той болды кіші залда, ешқандай шағым болған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...