Басты бет Қоғам Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті

Оқушы қыз даладағы дәретханада зорлық көргеннен кейін Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы Ардақ Мәдимарова қызметінен босатылды. Бұған қоса, мектеп инспекторы ішкі істер органдарынан шығарылып, Тараз қалалық полиция басқармасы қызметтерінің басшылары жазаланды», — деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігіндегі жиын

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша кеңес өткізді.

Ол өңірлік басшыларға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қордаланған проблемалық мәселелерді мұқият талдауды және шешуді тапсырды.

Учаскелік және мектеп полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру, мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет ұйымдарын тарту мәселелері қаралды.

Тұрғымбаев бірқатар өңірлік полиция департаменті мен салалық қызмет жұмысында орын алған елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды атап өтті.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің басшылары сынға түсті.

Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

  • Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді;
  • Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановқа қатаң сөгіс жарияланды;
  • Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Ұрымхановқа қатаң сөгіс жарияланды.

«Полицияны бағалаудың негізгі индикаторларының бірі — кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалу деңгейі екеніне аумақтық департамент басшыларының назарын аударамын. Адамдар бізден дәл осыны күтіп отыр. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз», — деді министр Тұрғымбаев.

Оқушы қыздың көрген қорлығы

Он екі жастағы жетінші сынып оқушысы Тараз мектептерінің бірінің ауласындағы дәретханада зорлық көрді.

Мектептегі әжетхана дұрыс істемеген. Ешкім оқу орны аумағында бөтен адамның жүргеніне көңіл аудармаған, деп нарызылық білдірді оқушылардың ата-аналары.

Күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды. Полиция дерегінше, ол 19 жыл бұрын зорлық жасағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі оқиғадан кейін Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды.

Бұған дейін Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы, мектеп инспекторы, мектеп директоры, қызды сабақтан босатқан мұғалім, кезекші ұстаз, вахташы мен оқу ісінің меңгерішісі жұмыстарынан шығарылған болатын.

Дәретхана проблемасы

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде 7 014 мектеп бар, олардың 2 514-де әжетхана аулада орналасқан. Қалаларда бұндай мектептер саны – 157, ал ауылдарда — 2 357.

Қала және облыс әкімдіктері 2021 жылға дейін мектеп ауласындағы дәретханаларды толығымен жойып, оларды оқу орнының ішінде орнатуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...