Басты бет Оқиға Таразда жетім балаларға қырғидай тиген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Таразда жетім балаларға қырғидай тиген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)

Тараздағы балалар үйінің 54 жастағы мұғалімінің қылығына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 7 қазанында Facebook әлеуметтік желісінде «Үміт» балалар үйінің кішкентай балаларына қырғидай тиген әйелдің видеосы пайда болды.

— Сол күні Жамбыл облыстық полиция департаменті балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды. Тексеріс кезінде мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау таспасынан видеоматериалдар алынды. Қажетті сараптама тағайындалды. Облыс әкімдігіне сот шешімі шыққанға дейін балалар үйі тәрбиешісін қызметінен босату туралы ұсыныс жолданды, делінген хабарламада.

Бұл факт Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.

Уполномоченному по правам детей Республики Казахстан Аружан СаинНачальнику Департамента полиции Жамбылской области полковнику полиции А. Оразалиеву.Прошу Вас в срочном порядке взять под свою опеку детей сирот КГУ (коммунальное государствееного учреждения) Специализированный дом ребёнка "ҮМІТ" управления здравоохранения Жамбылской области (детский дом) расположенного по адресу: г. Тараз, ул. Тонкуруш.На данном видео воспитатель детского дома явно жестоко обращается с детьми сиротами.Со слов местных жителей, соседей указанного учреждения, последние систематический слышат крики воспитателей и детский плач.Видимо воспитатели указанного учреждения полагают, что если дети сироты, некому за них заступаться?По имеющим у меня информации, на записях видеокамер указанного учреждения, очень много записей жестокого обращения с детьми сиротами.В этой связи, прошу незамедлительно изьять все записи с видеокамер данного учреждения, в виде вещественных доказательств.Также, есть информация, что сын указанного воспитателя с видео якобы сотрудник Прокуратуры, который своими ресурсами может "замять" дело.P.S.: Видео сделано соседями указанного детского дома.

Опубликовано Kurmangazy Mussir Понедельник, 7 октября 2019 г.

— Тараздағы балалар үйіндегі жағдайға байланысты қазір мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен және Жамбыл облысы білім басқармасының бастығы Тұрмаханбетова Рахиямен байланысып жатырмын, деп жазды Қазақстандағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.

— Облыстық денсаулық сақтау басқармасы білім басқармасымен бірлесіп комиссия құрып, өзара кездесу өткізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі істер департаментіне сотқа дейінгі тексеру жұмысын жүргізу үшін арыз түсірді, — деп атап өтті білім басқармасындағылар.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

«15 минуттан соң жарылады»: қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

Қарағандының 47 жастағы тұрғыны қаладағы дәмханалардың бірін жарғысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға жексенбі, 13 қазан күні болды. "102-ге хабарласқан тұрғындар Ленин көшесіндегі...

250 млн доллар: Әзербайжан банкіндегі зейнетақы қаржысының тағдыры не болды?

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" компаниясының атқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов Әзербайжан банкіне жасалған инвестиция туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Әзербайжанның халықаралық банкінен алынған облигацияларға қатысты...

Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир өтіп жатыр

Жамбыл облысында көкпардан облыстық ашық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Дәстүрлі жарыс өңірде бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Оған 9 аудан мен Түркістан облысынан 12...

Атырау: Дәрігерлер мас күйінде ота жасаған перзентханада екі айда 50-ге жуық бала шетінеген (видео)

Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы екі айда елуге жуық шақалақ шетінеп кеткен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 11 қазан күні жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері атышулы перзентхананың...

Арыс қаласы жанында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды

11 қазанда арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) оқ-дәрілердің жиналған фрагменттерін жою бойынша жоспарлы жұмыс барысында оқ-дәрілердің фрагменті уақытынан бұрын детонация...

Тоқаев: ТМД-ның басты міндеті — сауда-саттық әрі экономикалық байланысты дамыту (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысына қатысты. Шарада Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің көшбасшылары болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жиын...

Ақтаудың ерекше әппақ екі қызына сән үйлері таласып жүр (видео)

Ақтаудағы Қалағановтар жанұясы ерекше қыздарды тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Арасы 13 жас жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір...