Тараздық әйел 18 жастағы ұлының өліміне әкімдік қызметкерін айыптады – видео

Фото: pixabay.com

Тараз тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Бейнеүндеу жолдаған Гаухар Қапарбекованың айтуынша, оның 18 жастағы ұлын көлік қағып кеткен, ал рөлде қала әкімдігінің қызметкері отырған, деп жазады Sputnik Қазақстан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

Трагедия биыл 23 қарашада таңғы сағат алтыда болды. Жүргізуші BMW автокөлігін айдаған.

Жол апаты салдарынан Қапарбекованың ұлы көз жұмды, ал оны қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған. Әйелдің сөзінше, кінәлі адам әлі бостандықта жүр.

«Президент мырза және халқым, сіздерден әкімшілік қызметкері әділ жазасын алып, істі жауып тастамас үшін көмек сұраймын», — деп өтінді Гаухар Қапарбекова.

Тараздың полиция департаменті видеоға түсініктеме берді. Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» және «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Тараздың полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шаралары кезінде 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол тергеу изоляторында отыр», — деп мәлімдеді полиция.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Подписывайтесь на наши аккаунты в социальных сетях:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

А также наша группа в Facebook