Фото: pixabay.com

Полиция Жамбыл облысындағы Қордай ауданында болған жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«7 ақпан күні шамамен 14:10-да Қордай ауданы Сортөбе ауылында патрульде жүрген полицейлер «Honda Odyssey» маркалы көлігін тоқтатты. Оның мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмаған», — деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құжатты тексеру кезінде өзге де заңбұзушылық анықталған.

Ер адамдар полиция қызметкерлерінің учаскелік бекетке бару талабына құлақ аспаған. Біреуі көлікпен қашып құтылмақ болды. Бұл әрекетімен полицейлердің күдігін арттырды.

Полициядан қашып құтылмақ болған ер адам өз үйінің ауласында тоқтаған. Оның туған-туыстары полицейлерге жабыла кетті. Салдарынан тәртіп сақшылары жарақат алып, қызметтік көлік зақымданды.

Оқи отырыңыз: