Басты бет Қоғам ҰОК спортшылары #Abai175 челленджін жалғастырды

ҰОК спортшылары #Abai175 челленджін жалғастырды

Бүгін — қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған күні. Осыған орай, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақ ойшылының өлеңдерін жатқа оқуға арналған #Абай175 челленджіне үлес қосты, деп хабарлайды MediaWorld.kz.

«Ұлттық Олимпиада комитетіне қарайтын бірнеше спорт федерациясының өкілдері Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін жатқа оқыды. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Астана» Президенттік клубынан эстафетаны қабыл алған болатын», — деп жазылған ҰОК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Челленджге атсалысып, Абай өлеңін дәріптегендер қатарында бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, дзюдодан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов, көркем гимнастика өкілі Алина Әділханова, гимнаст Нариман Курбанов, могулшы Юлия Галышева, боксшы Абылайхан Жүсіпов, үстел теннисінен команда үздігі Кирилл Герасименко, семсерлесу өкілі Эльмир Алимжанов, каратешілер Дархан Асаділов пен Софья Берульцева, синхронды жүзуден команда мүшелері, апалы-сіңлілі Немичтер, биатлоншы Роман Еремин, садақ атушы Санжар Мұсаев, академиялық есуден команда мүшесі Светлана Германович, байдаркада есуші Дәулет Сұлтанбеков, таеквондошылар Руслан Жапаров пен Жансель Дениз, ватерполшы Мирас Әубәкіров, гандболшы Жанерке Сейтқасым, регбиші Балжан Қойшыбаева, нысана көздеуден команда мүшесі Эльдар Иманқұлов, шорт-трекші Еркебұлан Шамұханов, бадминтоншы Дмитрий Панарин, дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, шаңғымен тұғырдан секіруден команда мүшесі Сергей Ткаченко, тректегі велоспорттан құрама үздігі Артем Захаров, балуандар Нұрислам Санаев пен Алмат Кебіспаев, бессайысшы Ардақ Ахидуллаева, баскетболшы Рүстем Ерғали, ауыр атлет Раушан Мешіиханова, волейболшы Кристина Аниконова, триатлоншы Дарын Қонысбаев, жеңіл атлет Ольга Сафронова, фристайл-акробатиткадан команда мүшесі Жанбота Алдабергенова, теннисші Тимур Хабибуллиндер бар.

Ұлттық Олимпиадалық комитет аталған челленджі Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетіне жолдайды.

Айта кетелік, Абай175 челленджін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер қолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...