Басты бет Әлем Тек Димаш үшін ғана Жапония ән байқауы шартын өзгертті (видео)

Тек Димаш үшін ғана Жапония ән байқауы шартын өзгертті (видео)

Димаш Құдайберген үшін ғана ABU TV Song Festival 2019 халықаралық байқауының ұйымдастырушылары өз шарттарын өзгертіп, оған үлкен құрмет әрі ерекше ізет көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 19 қарашада Токиода өткен Азия-Тынық мұхиты елдерінің ең үздік әншілері қатысқан бұл байқауға шамамен 20-дан аса елдің өкілі қатысқан. Мысалы, олардың ішінде байқаудан соң Димашпен бірге видеоға түскен түріктің мега әншісі Мұстафа Сандал да бар. Ол Азия мен Еуропада да өте танымал әнші. Оның алғашқы альбомы 17 млн данамен тараған. Сол секілді Торонтоның бұлбұлы саналатын, тегі үнділік канадалық әнші Джанита Ганди да әлемге танылып келе жатқан жас әнші. Ол көптеген тілде ән салады. Міне, осындай мықтыларға берілмеген мүмкіндікті байқауды ұйымдастырушылар Димашқа жасады. Байқау шарты бойынша әр елден келген әнші өз ана тілінде ән салуы керек болатын. Солай болды да. Тек Димашқа ғана ерекше ілтипат көрсетіліп, басқа тілде ән салуға мүмкіндік берілді. Әрине, Димаш бұл мүмкіндікті қалт жібермей, жанкүйерлері қалаған әрі өзінің байқауларда бағын ашқан S.O.S d’un terrien en détresse француз әнін орындады.

Димаштың ән салғанын өз көзімен көрген канадалық бұлбұл қыз Джанита бұл туралы желідегі өз парақшасында:

«Бұл адам – вокал аждаһасы. Ол менің дауысым өзіне ұнайтынын айтты. Ал оның ән орындағанын бүгін өз көзіммен Токиода алғаш рет көрдім. Енді: «Димаш, мен сенің жанкүйеріңмін» деп ресми түрде айта аламын» деп жазып, оның алдында бас иді.

Айта кетелік, бұл концерт «Хабар» телеарнасынан 22 қарашада көрсетілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан...

Мұсылман зиратына тасталған нәресте шетінеп кетті

Қостанай облысында мұсылман зиратынан тастанды шақалақ табылды. Безбүйрек анасы бейітке қалдырып кеткен сәби шетінеп кетіпті, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Пакетке оралған баланы ата-бабасына тағзым етуге...

Нұр-Сұлтанда жол апаты болды — 13 адам ауруханаға жеткізілді

Елордада сағат 18:00-де "КамАЗ" пен автобус соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органының мәліметіне сәйкес, "КамАЗ" Ақжол көшесімен қозғалып келе...

Қордайдағы оқиға: Қамауға алынған кейбір күдіктілер босатылды

Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар қамаудан босатылды, деп мәлімеді ҚР БП арнайы прокурорлары қызметінің жетекшісі Ризабек Ожаров ОКК-да өткен брифингте, деп...

1 маусымнан бастап елімізде қандай нысандар іске қосылады

Ведомствоаралық комиссия блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Коронавирустың таралуына...

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады

1 маусымнан бастап бүкіл Қазақстан бойынша блок-бекеттер алынып тасталады, деп хабарлайды zakon.kz. Жалпы, Қазақстанда 313 халықаралық бағыттар жұмыс істейді, олар бойынша 610 автобусқа ие 88...

Алматы облысында 15 жасар қыз аяқ-астынан көз жұмды

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен қайтыс болды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмады, деп хабарлайды zakon.kz. Қайғылы оқиға туралы жазба Илзат Акчуриннің facebook-тегі...