Басты бет Қоғам Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарламаның шарттары белгілі болды

Тек әйелдерге берілетін ипотека: бағдарламаның шарттары белгілі болды

Жаңа бағдарлама аясындағы әйелдерге арналған ипотеканың бастапқы жарнасы 15-20 процент болады. Қарыз жаңа үйге де, біреудің пәтерін сатып алуға да беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ипотека кімге беріледі

Әйелдерге жеңілдетілген шарттармен ипотека беру жоспарланып отыр.

Берілетін кредиттің ең көп сомасы – 30 миллион теңге, деп хабарлады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Бастапқы жарна:

  • 15%, табыс 200 мың теңгеден аз болса  (516 доллар);
  • 20%, табыс 200 мың теңгеден көп болса.

Қарыз бойынша проценттік үстемақы мөлшері белгісіз. Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ең жоғары үстемақы — 8,5%.

Банкте ешбір бағдарламаға қатыспай, нарық шарты бойынша кредит алу үшін пәтер құнының тең жартысын жинау керек.

Қолжетімді кредит қанша әйелге беріледі

Бұл кредит төрт мыңға жуық әйелге беріледі деп жоспарланып отыр.

Азия даму банкі «Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу» жобасы аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 миллиард теңге (100 миллион доллар) кредит береді.

Бағдарламаның мақсаты қандай

Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар. Оның 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған. Жартысы отбасын асырап отыр, деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова.

«Әйелдер әлі де ерлер алатын жалақының үштен бір бөлігін ғана алады.  Табыстың төмен болуы әйелдерге пәтерге кредит алудың қиынырақ екенін көрсетеді. Сондықтан біз Азия даму банкімен бірлесе отырып, еліміздегі әйелдерге қолдау көрсетуді жөн деп шештік. Азияда мұндай жоба алғаш рет қолға алынып отыр», — деді ол.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен кредит алғандардың 60 мыңнан астамы – әйелдер. Олардың 64 проценті Нұр-Сұлтан және Алматы сынды үлкен қалада тұрмайды.

«Сондықтан гендерлік бағдарлама бойынша қарыздың 60%-тен астамы ауыл әйелдеріне беріледі», — деді банктегілер.

Бұдан бөлек, Азия даму банкі техникалық көмек ретінде 620 мың доллар көлеміндегі грант береді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

Азия даму банкі 1966 жылы құрылған. Қазақстан 1994 жылдан бері Азия даму банкінің мүшесі.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...