«Темір таяқпен зорлаған»: БҚО-да тік ішегі жыртылған 39 жастағы әйел ауыр халде емханаға түсті

Фото pixabay.com сайтынан алынды

Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде күйеуі зорлады деген күдікпен 1983 жылы туған азаматша ауруханаға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға 16 мамырда орын алған. «Уралская неделя» басылымының хабарлауынша, ер адам мас күйінде әйелін аяусыз темір таяқпен зорлаған деп күдіктелуде.

Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі Батыс Қазақстан облыстық полиция және денсаулық сақтау департаменттеріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрады.

«16 мамыр күні 1983 жылғы әйел адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Көп қан жоғалтқан. Тік ішегінің тамырлары мен бұлшықеттері жыртылған, шұғыл түрде ота жасалды. Енді қалпына келуі үшін ұзақ уақыт керек. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды», — дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал полиция департаменті қазір сараптама жүргізіліп жатқанын айтып, бұл жайтқа қатысты артық мәлімет беруден бас тартты.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Ер адамнан тұрғылықты мекенжай аумағынан шықпайтыны туралы қолхат алынды. Барлық сараптама тағайындалды», — дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Дариға Мәжитова.

Автор: Көркем Әли

Оқи отырыңыз: