Басты бет Оқиға Қылмыс "Терезесін бұзып кірген". Өзіне қарамай кеткен қызды бір жігіт күштеп алып қашқан

«Терезесін бұзып кірген». Өзіне қарамай кеткен қызды бір жігіт күштеп алып қашқан

Алматы облысында ер адам түнде қыздың жатын бөлмесінің терезесін бұзып кіріп, күштеп алып қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнгі сағат 01.00 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны өзінің 21 жастағы қызын түнде біреулер терезеден кіріп, ұрлап кеткені туралы арызданған. Ол белгісіз біреулердің терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан қызын қорқытып-үркітіп, белгісіз жаққа алып кеткенін айтты.

— Қаскелең қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ішінде соққыға жығылған, ұрланған қыз бен оны ұрлады деп күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны бар LEXUS 470 көлігін тоқтатты. Жәбірленушіні ұрлаған бұрын жүрген жігіті болып шықты. Бірақ арадағы байланысты үзгендіктен жігіт қызға ұрын келген, қолындағы тістеуікпен ағаш терезенің шегесін суырып, ішке кірген, сөйтіп қолындағы доңғалақ жөндеуге арналған темірмен ұрып өлтіремін деп қорқытып, қызды алып қашқаны анықталды. Адам жоқ бірнеше жерге тоқтаған жігіт тәртіп сақшылары ұстап алғанға дейін қызғаныштан қызды көзі-басына қарамай ұрып, тепкілеген, — деді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде одан тістеуік пен сайман темір тәркіленді. Келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, яғни «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: polisia.kz

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыз:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондай-ақ біздің Facebook –тегі тобымызға қосылыңыз

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықты брендке айналдыру керек – сарапшылар «Тиімді қайырымдылық» жобасы туралы

Қазақстанда жыл сайын кемі 100 қайырымылық ұйымын тарту арқылы елдегі қайырымдылық қызметін одан әрі дамытуды көздейтін «Тиімді қайырымдылық» жобасы жүзеге асты. Осы саладағы сарапшы,...

Әр адамның дінге бас сұғып, пәтуа айтуы дұрыс емес – Әбдіғани Бәзілхан

Елімізде қандай да бір діни мәселеге қатысты «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының» қызметкерлерінен басқа адамға пәтуа айтқызуға болмайды. «Қазақстанның Даму Қауымдастығы» жүзеге асырып жатқан интернеттегі...

Құрбысынан өш алмақ болған қарағандылық оқушы полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Қарағандыда мектеп оқушысы құрбысының атынан қоқан-лоққы жасап, ақша талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "City Mall" сауда орталығында бомба жасырылды деген...

Александр Бублик «Париж мастерс» турнирінде әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик "Париж мастерс" турнирінің екінші айналымына шықты. Ол әлемнің 14-ракеткасын жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ теннис федерациясына сілтеме жасап. Қазақстанның бірінші, әлемнің...

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар бір мезетте әнұран орындады

Елорданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары Республика күніне орай бір мезетте әнұран орындады, деп жазады inbusiness.kz. Елорданың барлық мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында Республика күнін мерекелеуге арналған...

Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми...

Семейдегі мектептердің бірі қашықтықтан оқуға көшті

Семейде 2023 жылғы 23 қазанда №40 орта мектептің оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. "№40 орта мектепте сағат 9:08-де ғимараттың жертөлесінде орналасқан электрқалқан...