Басты бет Оқиға Тірі баланы өлі деп тіркегені үшін өлтірген. Атыраудан шу шықты

Тірі баланы өлі деп тіркегені үшін өлтірген. Атыраудан шу шықты

Атырауда облыстық перинаталды орталықтың дәрігерлері жаңа туған баланы қасақана өлтірді деп күдікке ілінді, деп хабарлады Zakon.kz. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдола арнайы брифингте мәлім етті.

«Денсаулық сақтау қызметкерлері Гиппократ антын бұзып, жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деп күдікке ілінді», — деді ол.

Шұғыл тексеру шаралары кезінде, бала дүниеге келгенде ол абайсызда өлі туылды деп тіркелгені анықталған, бірақ іс жүзінде нәресте тірі болған.

— Баланың бойында жаны бар екенін біле тұрып, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, шұғыл шаралар қабылдамаған. Керісінше, толтырылған құжаттағы дәйекке сәйкес, әрекет етіп, шалажансар баланы сол күйі қалдырған. Дәрігерлердің бұлай істеуіне дерекқорда тіркелген құжатты түзей алмайтындықтары себеп болған, — деп түсіндірді агенттік басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, тергеу-жедел тобы бұл фактіні анықтап, растап әрі баланың денесін тоңазытқыштан тапқан.

«Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу ісі жалғасуда», — деп атап өтті ол брифингте.

Сонымен қатар құзіретті өкіл Атырау облысында бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыстық перинаталды орталықтың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын да айтты.

— Облыстық перинаталды орталықтың басшысы әйелдің босану кезінде медициналық қателік болмады деген сараптамалық қорытынды қағаз алу үшін бағыныштыларына аймақтың сот-медициналық сараптама институты филиалының басшылығына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталды. Сондай-ақ, ол өз қызметін асыра пайдаланып, дәрігерлердің үздіксіз білім алуына арналған іссапарға ақысын төлеуге демеуші берген 1,5 миллион теңге ақшаны заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Бұл ақшаға дәрігерлер емес, орталықтың басшысы өзі шетелге демалуға барып келген », — дейді Шыңғыс Қабдола.

Оқи отырыңыз:

Біздің әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызға жазылыңыздар:

Telegram, Instagram, Twitter, Facebook 

Сондайақ біздің Facebook тағы тобымызға қосылыңыздар

Соңғы жаңалықтар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі COVID-19 құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде - коронавирус құрбандарын еске алу мақсатында аза тұту күні деп жариялауына байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар...

Бұтақ арасына тығыла тұр деген: алматылық ер адамның әрекеті камераға түсіп қалды

Әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның бес жасар баланы ұрламақ болғаны туралы ақпарат пен бейнеролик тарап жатыр. Алматы қаласының полиция департаменті осыған қатысты түсініктеме берді,...

Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді

Төтенше жағдайлар комитетінің ұшағы астанаға дәрі-дәрмектің 600 мыңнан астам қаптамасын әкелді. Тауарлардың ішінде елордада аса сұранысқа ие 350 препарат бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан....

Елорда тұрғыны супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды – видео

Нұр-Сұлтан супермаркеттерінің бірінде жанжал шығарып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелді куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан әйелдің пышақты оңды-солды сілтеп...

Дәурен Айдарқұлов: «Біз Ақботамен ажырасамыз. Ажырасу себебі құпия болмақ!»

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов пен бұрынғы Кешью тобының әншісі Ақбота-Нұрмен ажыраспақшы деп жазады NewsRoom+ ақпарат агенттігі. Бұл туралы актердің өзі Instagram парақшасында жариялады. «Осыдан төрт жыл...

Қазақстандағы «белгісіз пневмония»: министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат...

Өзбекстанда ең ірі карантин аймағында жатқандар бүлік шығарды (видео)

Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық ауданында орналасқан "Уртасарай" карантин аймағында жатқандар 8-9 шілдеде бүлік шығарды, деп хабарлайды centralasian.org. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларға қарасақ, адамдар құлып...