Басты бет Саясат Тоқаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын қабылдады

Тоқаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоны қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіріп, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезден бастап екіжақты ықпалдастықты дамытуда мол табысқа қол жеткізілгенін атап өтті.

«Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел. Біз бұл тарихи фактіні үнемі есімізде ұстаймыз. Мемлекеттеріміз арасында көптеген бағыт бойынша, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, халықаралық терроризммен күрес және экономикалық ынтымақтастық секілді салаларда тығыз қарым-қатынас орнаған. Сонымен қатар өзара ықпалдастығымызды одан әрі дамыту мақсатында пайдалануға болатын әлеуетіміз де бар», – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы кезінде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескенін атап өтіп, Америка көшбасшысына өзінің сәлемін жолдады. Сондай-ақ Қазақстан президенті америкалық әріптесімен әлемнің кез келген жерінде кездесуге дайын екенін, дегенмен, бұл жүздесудің Қазақстанда өткенін жөн санайтынын айтты.

Тараптар барлық бағыт бойынша, оның ішінде сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды ілгерілету және халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Ауғанстан бойынша арнайы өкіл лауазымын ашуға ниетті екенімізді айтты.

АҚШ-тың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін алғысын айтып, екі елдің экономика, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бағыттарында дәстүрлі әрі сенімді серіктестік қалыптасқанын жеткізді.

«Біздің экономикалық байланыстарымыз өте жақсы. Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетикалық бағыттағы ынтымақтастықтан бөлек, басқа да салалардағы байланыстарды өркендету үшін әлеуетіміз зор. Президент Дональд Трамп сізге сәлем жолдады. Бүгін осында өзіңізбен кездескеніме қуаныштымын», – деді Майкл Помпео.

Америкалық дипломат Қазақстанның «Жусан» операциясы аясында Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын қайтарып алғанын жоғары бағалады. Ол еліміздің Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға, оның экономикасы мен адами әлеуетін күшейтуге қосқан үлесіне тоқталды.

Майкл Помпео елімізде қолға алынған саяси реформалар жайында да жылы пікірін айтып, оның іске асуына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Американың Орталық Азияға қатысты жаңа Стратегиясының негізгі ережелері туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы С5+1 (Орталық Азиядағы бес ел + АҚШ) диалогы форматының маңызды екенін атап өтіп, оның 3 ақпанда Ташкентте өтетін кезекті отырысының табысты болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісімге қол қойылғанын құптады. Аталған құжат «ашық аспан» қағидаттарына жауап береді, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасында тұрақты әрі тікелей әуе рейсін ашу үшін құқықтық негіз қалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшыс Майк Помпеоның Қазақстанның астанасына ресми сапармен келгені хабарланды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды – Тоқаев

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценариі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Кейбір сарапшылар Қырым немесе...

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын...

Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Елімізде демократиялық үрдістерді...

Итін айуандықпен қорлаған адам заң алдында жауап беретін болды – Атырау

Атырауда өз итін буындырып, одан соң басын тоңазытқыштың есігіне қысып, айуандықпен қорлаған ер адам заң алдында жауап береді, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Итін қорлаған иесінің...

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң...

Алматыда той жасауға рұқсат берілді ме

Алматыда банкет пен той өткізуге болмайды. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Қазір қоғамдық тамақтану орындарының...

Марқұм полиция қызметкерінің анасы: Мен келінімнің сөзін растаймын…

Алматыдағы блок-бекеттегі көлік апатынан қайтыс болған полиция қызметкерінің бірінің анасы Президенттен көмек сұрады. Ол осыған дейінгі келінінің сөзін растап, кінәлілерді жазалауды сұрайды, деп хабарлайды...