Басты бет Саясат Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен не жөнінде сөйлесті?

Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен не жөнінде сөйлесті?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан президентін ресми қарсы алу рәсімі «Әл-Уатан» сарайының алдында өтті. Қазақстанның туы көтеріліп, екі мемлекеттің ұлттық әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіргеннен кейін құрметті қарауыл ротасын аралап өтті. Екі елдің ресми делегация мүшелері таныстырылғаннан кейін мемлекет басшысы құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Фото: Қазақстан Президентінің ресми сайты
Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды

Рәсім соңында Қазақстан президенті мен Абу-Дабидің тақ мұрагері келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға, экономикалық серіктестікті кеңейтуге баса назар аударды.

«Сізді Біріккен Араб Әмірліктерінде көргеніме қуаныштымын. Әмірліктер басшысының атынан Сіздің сапарыңызға табыс тілеймін. Сонымен қатар біздің жақын досымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сәлем жолдаймыз. Қазіргі уақытта елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастар жоғары деңгейде дамып келеді. БАӘ Қазақстанмен өзара ықпалдастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық жан-жақты дамуда», – деп атап өтті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян.

Мемлекет басшысы Шейх Мұхаммедке қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан президенті ретінде өзінің араб әлеміне жасаған алғашқы сапарын Біріккен Араб Әмірліктерінен бастап отырғанын атап өтті.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынастар тарихының тамыры терең. Бізді шынайы достық, өзара сенім мен түсіністік байланыстырады. Сондықтан қарым-қатынасымыздың келешегі зор. Менің сапарымның негізгі мақсаты – екі мемлекеттің ынтымақтастығына тың серпін беру. Біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, бірақ бір орында тоқтап қалуға болмайды. Алға жылжуымыз керек. Мен осы сапарға ерекше мән беремін және үлкен үмітпен қараймын,» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Қазақстан Президентінің ресми сайты
Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді

Кездесу барысында мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимылдар мен ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің де маңызды тарихи кезең алдында тұрғанын – келесі жылы Әмірліктердің құрылғанына 50 жыл, Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар қол қойылған құжаттармен алмасты. ҚР Энергетика министрлігі мен БАӘ Энергетика және өнеркәсіп министрлігі арасында мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға, ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен БАӘ экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен БАӘ Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап қай қалаларға пойыздар жүре бастайды — толық тізім

2020 жылы 13 мамырда өткен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздары...

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі жекеменшік компанияның басқаруына берілді

Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі 49 жылға жеке компанияның ұзақ мерзімді пайдалануына берілді, деп хабарлайды zakon.kz. ҚР ИДМ "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ...

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды. "2020 жылғы 1...

Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz. - Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет...

Автокөліктің терезесінен басын шығарған баланың ата-анасына айыппұл салынды (видео)

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың жолда автокөліктің терезесінен басын шығарып отырған видеолары таралған еді. Ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Кәмелетке толмағандардың жүріп келе жатқан...

Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді

Шағын және орта бизнес өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын...

Білім және ғылым министрі оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3...