Басты бет Саясат Президент Тоқаев автобус апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

Тоқаев автобус апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Қызылорда облысындағы жол апаты

Бүгін таңғы бестер шамасында «Қызылорда-Құмкөл» тас жолында автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көктайғақтан рөлге ие бола алмай, аударылған.

Соңғы деректерге сүйенсек, салонда 36 жолаушы болған. Сегіз адам көз жұмып, 22 жарақат алды. Автобуста тек Қазақстан азаматтары болған, шетелдіктер жоқ.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, автобус мұнай компаниясына тиесілі екен. Көліктегі жолаушылар Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Оқиға орнында полиция, төтенше жағдай және медициналық қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы «Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автобус жүргізушісі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал.

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны жұмыс істеп тұр: 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28.

Оқи отырыңыз:

Соңғы жаңалықтар

Болат Бақауов екі айға қамауға алынды (фото)

Лауазымдық уәкілеттілігін асыра пайдаланды деп күдіктеліп жатқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов екі айға қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 17 қаңтарда Павлодарда өңір басшысы Болат...

ҰҚК арнайы операция кезінде 17 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік қызметі Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда ауқымды арнайы операция жүргізді. 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. ҰҚК қызметкерлері мемлекетке айтарлықтай...

Елордада оқушылар мектеп маңында пышақтасты

Екі оқушы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. Суық қару да қолданылған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оқиға 16 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінің маңында...

Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды

Мемлекеттік аннуитет компаниясының басқарушы директоры Әлемжан Ақажанов зейнеткерлік аннуитет шарттарының қалай өзгеретінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Зейнеткерлік аннуитет" қалай беріледі? Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнетақы...

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл...

Оңбай таяқ жеген қыздың өзі жеңіл жүріспен табыс тапқан (видео)

Жәбірленушінің өзі жезөкшелікпен айналысқан! Зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп шағымданған бойжеткенге қатысты Алматы полициясы жаңа дерек айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Оңбай таяқ жеген қыздың өзі...

Сот Қытайдан келген Тілек Тәбәрікұлына үкім шығарды

16 қаңтарда Алматы облысы Панфилов аудандық сотында "шекараны заңсыз бұзды" деп айыпталған Шыңжаң қазағы 30 жастағы Тілек Тәбәрікұлына үкім шықты. Судья Динара Құйқабаева Тәбәрікұлын...